Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Тарихи баға

 "Казахстанская правда", 20.12.2016

Ережеп Мәмбетқазиев, Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті (ҚАЕУ)

  Елбасының сөйлеген сөзіне баға беру үшін уақыт керек. Президент Қазақстанның 25жылда жеткен шыңына тек тарихи баға беріп қана қоймай, сонымен қатар барлық салаларда –техника, ғылым, әл-ауқат, демографиядағы келесі белестерді белгілеп берді. Біздің университетіміз, Елбасы айтқан бірігу бастамалары саясатының өзіндік көрінісіне айналды.

Кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы  ҚАЕУ ашылу рәсіміне жеке өзі қатысып, оның тұңғыш құрметті профессоры атанған болатын. Ал бүгінде университеттің оқу және шығармашылық үдерісіне жыл сайын 40-тан  астам шетелдік әріптестер қатысуда. Жаһандық ынтымақтастыққа мұндай мүмкіндікті, еліміздің бейбіт сүйгіштігі мен ашықтығы, Батысқа да, Шығысқа да бағдарлануы берді. Біздің көптеген бірлескен ғылыми жобаларымыз бар, жетекші ғалымдарды шақырамыз, студенттермен, бастамалармен алмасамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, егер 25 жыл бұрын Қазақстан жайлы көпшілігі естімеген де болса, ал бүгінде елімізді бүкіл әлемде біледі және құрметтейді. Бұл әлі де ұрпақтарымыз баға беретін, мемлекетіміздің нағыз салтанат құруы.

Қазір Президентіміз қазақстандықтардың алдына жаңа өр мақсаттар қойып отыр. 2050 жылға қарай еліміз әлемнің ең дамыған отыз елі қатарына енуі тиіс. Ал бұл үшін бізде барлығы бар – өскелең экономика, саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім, сауатты мамандар, еңбек сүйгіш патриот жастар. Біз өз университетіміз бойынша, жастардың білімге деген құштарлығының  күрт артып отырғанын көреміз. Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзінде  айтқан, Президент, Парламент және Үкімет арасындағы өкілеттіктерді бөлуді қайта қарау қажеттілігі туралы бағдарламалық міндетін қолдаймын. Қазіргі күрделі дүниеде Қазақстанға біртұтас мықты билік қажет.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru