Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Өскемен қаласы әкімінің жастармен кездесуі

2016 жылдың 24 желтоқсанында Өскемен қаласының әкімі    Аймұқашев Ерлан Қапарұлының жастармен кездесуі болып өтті. Кездесуге жастар ұйымдарының көшбасшылары, жұмысшы жастар, кәсіпкерлер, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Қалада біртұтас жастар саясатының қалыптасып, жастардың әртүрлі санаттары мәселелерін шешуге бағытталған 10 жоба іске асып асырылып жатқандығы атап көрсетілді. Кездесу барысында еркін форматта пікір алысулар болып, жастар өмірінің әртүрлі бағыттарын дамыту үшін  қаланың жастар ұйымдарының күш- жігерін біріктіру жөнінде қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар жасалды.  

Кездесуге ҚАЕУ-нен оның бірінші  вице-президенті Конопьянова Г.А., «Халықаралық қатынастар» мамандығының магистранты Сағидолдин Қанат пен  «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті Ерліков Алмаз қатысты.

Қала әкімі университеттің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға  белсене қатысқаны үшін алғыс хатын тапсырды.

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru