Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Еріктілік (волонтерлік) акциясы

 «Аударма ісі» мамандығының  3 курс студенті Юсупова Айнурдың кәмелеттік жасқа толмағандар бейімделу Орталығында  еріктілік (волонтерлік) қызметпен айналысқанына бір жыл болды.

Өткен жылдың ақпан айында,Қазақстан-Американдық еркін университетіне  академиялық алмасу бағдарламасы бойынша келген  Нортвест Университеті (АҚШ) студенттерімен аудармашы ретінде жұмысы кезінде, Айнур басқа аудармашылармен бірге кәмелеттік жасқа толмағандар бейімделу Орталығына (КТБО) барған болатын.

«КТБО – бұл ата-ана қамқорлығынан айырылған, қолайсыз отбасынан түскен балалар болатын орын.  Бұл орталыққа балаларды, олардың одан арғы тағдыры жайлы шешім қабылдап жатқан кезде,  3 айға дейінгі мерзімге қоныстандырады», - деп түсіндіреді Айнур. «Менің балалармен ойнап, қауышып және уақыт өткізгеннің ұнағаны соншалық, қайтатын уақыт таяғанда менің оларды  тастап кеткім келмеді. Аз уақыттан соң мен, біз ынтымақтаста болған  "Балаларға бақыт сыйлаймыз" еріктілер ұйымымен байланыстым да,  өз еріктілік қызметімді жалғастыруға шешім қабылдадым».

2016 жылдың  24  желтоқсанында "Балаларға бақыт сыйлаймыз" еріктілер қозғалысының  қатысушылары кәмелеттік жасқа толмағандар бейімделу Орталығы тәрбиеленушілеріне Жаңа Жыл сыйлады.  Еріктілер Аяз Атамен, Ақшақармен және мультфильмдердің әртүрлі кейіпкерлерімен мерекелік көрініс ұйымдастырды.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru