Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ШҚО мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг

2017 жылдың 4-5 қантарында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Көптілді білім беру жағдайында CLIL элементтерімен сабақтар ұйымдастыру» атты семинар жұмысына Өскемен және Риддер қалаларының 23 оқу орындарының атынан 36 пән-мұғалімдері қатысты.  

Семинар-тренингтің мақсаты қатысушыларды «Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдары үштілділік білімді дамыту Жол картасын»  іске асыру жағдайында пән мен тілдің біріктіріліп оқытуын  қолдану негіздерімен таныстыру болды.

Семинар-тренинг аясында мына секілді мәселелер қарастырылды:

-    Қазақстан Республикасындағы көптілді білім;

-     пән мен тілдің біріктіріліп оқытылуы (CLIL);

-     біріктіріліп оқытудың (CLIL) мақсаттары, міндеттері, қағидалары;

-     CLIL шеңберінде оқу үдерісін жоспарлау;

-     CLIL технологиясы сатысы –тұсаукесер, тәжірибеде қолдану, алынған ақпаратты шығару сатысы және жұмысқа баға беру.

Семинар-тренинг интерактивті және топпен оқыту әдісін қолданумен жүргізілді. «Пән-тілдік біріктірілу әдістемесінің негіздері», «Мәтінмен жұмыс», «Бейнемен жұмыс», «Топтардағы жұмыс», «Лексикамен жұмыс» сияқты тақырыптар қарастырылды.

Семинардың екінші күнінде қатысушыларға біріктіріліп оқыту әдістемесінің әртүрлі элементтерін пайдалану арқылы сабақтардың үзінділерін көрсетті. Семинар рефлексиямен және көптілділік бағдарламаларын енгізудің қиындықтарын жеңу жолдарын талқылаумен аяқталды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru