Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Алматы қаласындағы 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиада

 

                                                                       

2017  жылдың 28 - 8  ақпан аралығында Алматыда XXVIII қысқы Бүкіләлемдік Универсиада өтеді.

 Алматыда  Универсиада өткізу туралы ресми шешім,  Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) 2011 жылы 29 қарашада Брюсселде болған дауыс беру кезінде қабылданды. Сөйтіп, Алматы кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет, 2017 жылғы XXVIII қысқы Универсиада  астанасына айналды.  Бұған дейін спорттық жастар ойындарды, тек жазғы,  1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қабылдаған болатын.  2015 жылдың 15 ақпанында  испандық Гранадада Универсиада жалауын Алматы қаласына салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті.

Алдые ала деректерге қарағанда Алматыдағы Универсиадаға,  FISU альянсына кіретін әлемнің 50 елінен бес мыңнан астам студент қатысады.  Қазақстан атынан 28 ЖОО-нан 250 студент қатысатын болады,  соның ішінде  Қазақстан-Американдық еркін университетінен.

2017 жылғы Алматыдағы Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың бойтұмары болып сұнқар таңдалып алынды, бұл, оны жасаушылардың пікірінші, жылдамдықты, жеңілдікті, күш- қуатты  және жеңіске деген талпынысты бейнелейді. Логотип анық көрінген серпінді пішіні бар стильденген қанаттар түрінде берілген.Осы бейнелемеге сәйкес, Алматыдағы  Универсиаданың ұраны - «Өз қанаттарынды жаз!».

Қысқы Универсиада аясында  Қазақстанда  12 спорт түрлері бойынша жарыстар жоспарланған (8 міндетті және 4 қосымша). Спорттың міндетті түрлері: мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, кёрлинг.  Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін  спорттың қосымша түрлері болып, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты атанды.

Универсиада-2017 ресми сайты http://almaty2017.com

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru