Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенті АҚШ-да оқу жайлы әсерлерімен бөліседі

Қазақстан-Американдық еркін университеті «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының     3 курс студенті  Александр Штыков 2016-2017 оқу жылының 1 семестрі барысында,ҚР БҒМ академиялық жұмылғыштық бағдарламасы бойынша Оклахома ШтатыУниверситетіндеҚШ) оқыды.

Кез келген елдегі сияқты, АҚШ-да студенттік өмірге оның көптеген әртүрлі жақтары мен қырлары жатады: академиялық, жаңа достар және таныстармен байланысты мәдени қатынастар және басқалары. Мен үшін бұл семестр осы салалардың әрқайсысы үшін өте мазмұнды өтті.

 Академиялық тұрғыда оқу үдерісінің өзі мүлдем жаңа болды, тіпті мен үшінші курс студенті болсам да.  Оқытушылардың басқаша талаптары, білімді бағалаудың және сабақ жүргізудің басқа жүйелері.  Мен 6 пән алып, үйде оқуға және сабақ алдында материалдарды өздігімен оқын-үйренуге, ал бұдан кейін алдында оқылған материалды оқытушымен университетте тереңірек оқып-үйренуге көбірек назар аударуға тура келді.  Орташа алғанда, маған аптасына әртүрлі академиялық әдебиеттің    200-жуық бетін оқуға тура келді.        

 Бақытыма орай, оқытушылар менің халықаралық студент мәртебеме үлкен құрметпен қарады, олар баға қоюда маған ешқандай артықшылық жасамаса да, олар оқудан тыс уақытта маған шын ниеттерімен көмектесті.   Оклахома Штаты Университетіндегі менің семестрімнің қорытындылары бойынша, мен барлық пәндерді бес деген бағамен жаптым және көп білім алдым, ол мені тек сәтті маман етіп қана қоймай, сонымен бірге жалпы алғанда жан-жақты дамыған адам болуыма көмектеседі деп ойлаймын.

Мәдени сала жайлы айтсам,  міндетті түрде елдердің мәдениеті арасында ғана емес, сонымен қатар студенттік мәдениет арасындағы айырмашылық жайлы атап өту керек. АҚШ-да студенттердің көпшілігі университеттердің кампусында тұрады, мұның өзі студенттік өмірді көптеген оқиғалармен толықтырады, олар іс жүзінде күнделікті болып жатады. Әртүрлі студенттік ұйымдар көптеп саналады, олар арқылы көптеген жаңа достар табуға болады. Басымдықтарды дұрыс қою және жеке уақытты дұрыс жоспарлау  шеберлігі  -  кез келген елде табысты студент үшін өте маңызды өлшем, ал сен кампуста тұрсаң ол мүлдем жаңа маңызға ие болады.

Жаңа танысулар мен достарға қатысты Оклахома Штаты Университеті тамаша орын болып шықты.Қашанда көмекке келуге әзір ақ пейілді жандар, сонымен бірге көптеген әртүрлі іс-шаралар өте жылы шырайлы ортаны жасайды, онда бірге сабақ дайындап және үй жұмыстарын бірге жасайтын адамдар тауып қана қоймай, сонымен қатар бүкіл өміріне достар табуға болады.

           

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru