Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Халықаралық жобаларға қатысушылар

 «Оқитын ел» халықаралық жобасы аясында, ұлы орыс ақыны, прозашы және суретші Михаил Юрьевич Лермонтовтың шығармашылығына арналған «Лермонтовты оқимыз» байқауы аяқталды.

Ақынның шығармашылығы   XIX және XX ғасырларда өмір сүрген замандастарына үлкен ықпалын тигізді. ХХ ғасырдың соңында аса көрнекті әдебиет танушы Д. С. Лихачев былай деп жазды: «Ұмытпауымыз керек —Лермонтов қайтыс болған күні- ақ ақынның өз дарынының дамуында Пушкиннен де алысқа барар еді деген сөздер айтылған».

XXI ғасыр ұрпағы Александр Сергеевич Пушкиннің ең белгілі замандастарының бірінің сан қырлы шығармашылығына бей-жай қалған жоқ.      Оған дәлел –Қазақстан-Американдық еркін университеті студенттерінің  ең танымал орыс тіліндегі краудсорсингтік жобалардың біріне қатысуы. Байқауға «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Журналистика» мамандығының студенттері қатысты. Құрамына балаларды оқуға жұмылдыру жөніндегі «Оқырманды өсіреміз» мәдениет, өнер және ағарту қайраткерлері Ассоциациясының  президенті, Ресей Мемлекеттік Балалар Кітапханасының  директоры Мария Веденяпина, «ДРОФА-ВЕНТАНА» біріккен баспа тобының вице-президенті   Артем Соловейчик, балалар жазушысы, белгілі кеңестік «Қасқыр мен бұзау» мультфильмі сценарийінің авторы Михаил Липскеров, сонымен қатар ресейлік мәдениет және сценарийлік өнердің  басқа да қайраткерлері енген қазылар алқасы, байқауға қатысқан шығармаларды қарастырған кезде мәнерлілікті, дикцияны, майталмандықты, ұсынуды және шығармашылық тәсілдемені бағалады. Байқау Ресейдің түкпір- түкпірінен келген 3000 астам қатысушыларды қамтыды, сонымен қатар Қазақстан мен Оңтүстік Кореядан да қатысушылар болды.  Біздің қатысушыларымызды құттықтаймыз:

БатырханАйгерім

Гайдук Надежда

Жолдыбаева Әмина

Курганская Елизавета

Манапова Алтынай

Нұрахметов Аслан

Рожкова Светлана

ХабибулаеваПатимат

Өлең оқу – демек олардың үнін жаңаша  естірту!

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru