«Студенттердің танымдық әрекетін белсендіру тәсілдері» атты Дөңгелек үстел

2017  жылдың 19  қаңтарында «ҚАЕУ жас оқытушы мектебі» аясында «Студенттердің танымдық әрекетін белсендіру тәсілдері» тақырыбына Дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді PhD докторы, «Педагогика және психология»  кафедрасының  доценті Искендерова Фатима Велибекқызы және «Педагогика және психология»  кафедрасының аға оқытушысы Саданова Жанар Қабыкен-қызы даярлап өткізді.

Қатысушылар студенттердің танымдық белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі тәсілдерін талқылап, оларды қолдану тәжірибесімен бөлісіп, сонымен қатар оқу үдерісі аясында оқытушылар кездестірген тәжірибелік ахуалдарды қарастырды.