Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Өнегелі өмір» жобасы аясындағы Е.Ә. Мәмбетқазиев туралы кітап

 «Өнегелі өмір» жобасы аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті, ҚР ҰҒА академигі  Ережеп  Әлхайырұлы Мәмбетқазиев жайлы басылым жарық көрді.

«Өнегелі өмір» жобасы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, профессор Г. Мүтәновтың бастамасымен  іске асырылған маңызды жобалардың бірі. «Өнегелі өмір» сериялық кітаптарда, әл-Фараби атындағы   ҚазҰУ түлектері болып табылатын немесе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жұмыс істеген кезеңде жұртшылық танымалдығына ие болған аса көрнекті ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері жайлы материалдар жарияланады.  

2011  жылдың  7  ақпанында,  құрамына  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар мен публицистер кірген «Өнегелі өмір»  сериялық кітаптарды шығару жөніндегі редакцияның Республикалық  қоғамдық Кеңесі  жасақталған болатын. 

Аталмыш жоба университет дамуына елеулі үлес қосқан аса көрнекті отандық ғалым-педагогтардың өмірі мен қызметі үлгісінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында құрылған болатын. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru