Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар Лигасының отырысы

2017 жылдың 19 қаңтарында қоғамдық келісім орталығы – Достық Үйінде ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар Лигасының отырысы болып өтті. Қазақстан – Американдық еркін университеті атынан іс-шараға   Студенттік даму Орталығының   директоры Смагина Анна Витальевна қатысты.

Кездесу қатысушылары  Өскемен қаласы жастар ұйымдарының,   ЖОО мен колледждерінің көшбасшылары мен белсенділері болды.      

Отырыста 2016 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, «Мәңгіліқ ел» патриоттық актісін насихаттау мақсатында, оқу орындары базасында Жастар клубтарын құруды ескеріп, ағымдағы жылға жұмыс жоспары ұсынылды. Жоспарға жастар арасындағы заманауи үрдістерге сай, белсенділердің ұсыныстарына сәйкес өзгерістер енгізілді; 2017  жылғы    26 қаңтардағы «Алау эстафетасы» сияқты алдағы іс-шаралар және Жеңіс Күніне арналған іс-шаралар  талқыланды. Сонымен қатар,  Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар клубының құрылғаны жайлы жарияланды.     

Кездесу  әңгімелесу пішімінде достық, іскерлік, нәтижелі атмосферада өтті.

Кездесу үйлестірушісі  «Қазақстан – 2050 жалпы ұлттық қозғалысы» ҚБ Шығыс Қазақстан облысы өңірі бойынша Үйлестірушісі, қалалық мәслихат депутаты   Миронова Юлия Вячеславовна болды.

Шығыс Қазақстан облысы халқы Ассамблеясының меңгерушісі Нұрғалиев Асқар Қисайұлы  іс –шараның құрметті қонағы болды.  

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru