Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттердің ШҚО кәсіпкерлер Палатасы, «ДАМУ» Қоры және ҚР ШҚО «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер Кеңесі өкілдерімен кездесуі

26 қаңтарда   Қазақстан-Американдық еркін университеті  экономикалық мамандықтары 3 курс студенттерінің, негізі мақсаттары жас мамандар, ЖОО мен ТжКБ түлектерін еңбектік әлеуметтендіру болып табылатын  «Сәтті қадам» партиялық жобансын жүзеге асыру аясында,  ШҚО кәсіпкерлер  Палатасы, «ДАМУ» Қоры және  ҚР ШҚО «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер Кеңесі өкілдерімен ақпараттық-кеңес беру кездесуі болып өтті.

Іс- шара ұйымдастырушылары:

- НұрОтан партиясының Өскемен қалалық филиалы;

- Өскемен қаласы «Жастар орталығы» КММ.

« 9 млн. әйелдердің  Қазақстанда 4 млн. әйел еңбекке жарамды жастағылар. Бізде 586 тысяч әйел кәсіпорынды басқарады!  Елдің ІЖӨ 41,1% әйелдер бизнесі береді» - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің төрайымы  Березинская-Абилова Елена Николаевна. Ол ұйымдарының немен айналысатыны жайлы айтып берді, атап айтқанда:

- ісін жаңа бастаған кәсіпкер - әйелдерге ұйымдық, әдістемелік, кеңес беру және ақпараттық қолдау көрсетумен;

- болашағы бар бизнес-идеялар, жобаларға қолдау көрсету.

 ШҚО бойынша « «ДАМУ» кәсіпкерлік даму Қоры» АҚ өңірлік филиалы  КПҰО жөніндегі кеңесшісі, ҚАЕУ түлегі Оразбай Ренат Серікұлы,  жастар арасында кәсіпкерлік дамуын қолдауға бағытталған әртүрлі жобалар жайлы айтып берді. Мәселен, «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» атты жоба бар.  Жобаның мақсаты- 18 ден 29 (қосқанда) жасқа дейінгілерді өз бизнесін құру және/немесе дамытуға жеткілікті кәсіпкерлік және жеке құзіреттерін қалыптастыру жолымен, Қазақстан Республикасы ЖОО мен орта арнайы оқу орындары студент жастарының кәсіпкерлік әлеуетін ашуға қолдау көрсету.

Кездесу барысында студенттер ұйымдастырушыларға көптеген сауалдар қойып, өз идеяларын ұсынды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru