Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттері ШҚО қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотындағы «Ашық есіктер күнінде»

2017 жылдың 3  ақпанында «Ашық есіктер күні»  аясында, Қазақстан-Американдық еркін университеті «Заңтану» мамандығының  3 курс студенттері Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында болды.

Аталмыш іс-шара барысында студенттердің сот төрағасы – ҚасеновБердіғали Әділханұлымен кездесуі болып, онда ол сот құрылымы, қарастырылатын істердің санаттары жайлы баяндап берді. Судья Побияха Людмила Александровна өз сөзінде қылмыстық істердің өзіндік ерекшеліктеріне және қылмыстық істер жөніндегі соттағы жұмыстарға тоқталды.   

Студенттерге арнап сот ғимаратында  экскурсия  өткізіліп, олар оның барысында, Қазақстан Республикасы сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы тарихының материалдары жинақталған Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі Мамандандарылған ауданаралық соттың мұражайында болды.    

Сонымен қатар студенттер онлайн-режимде өткен ашық сот процесіне  қатысуға мүмкіндік алды.

 «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru