Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-де американдық студенттердің іс-тәжірибесі басталды

Ақпан айы басталысымен ҚАЕУ студенттері арасында жағымды жандану басталды–ҚАЕУ-ге іс–тәжірибеге Вашингтон штаты, Сиэтл қаласы, Нортвест университетінің «Мейірбике ісі» факультетінің бітіруші курсының американдық студенттерінің кезекті тобы келді.       

Биыл команда құрамында бес сүйкімді мейірбике–қыздар бар: Хэнна, Кэролин, Криста, Джоди и Лина, оларды өз оқытушылары Данетт Вер Ворт бастап келді. Оларды ҚАЕУ аудармашы-студенттері бірге жүретін Өскемен қаласының емдеу мекемелерінде бір айлық іс-тәжірибе, ҚАЕУ оқу үдерісіне қатысу, ҚАЕУ колледжі мен ӨК ЭҚК   студенттерімен танысу, сонымен қатар ұйымдастыруға студент-еріктілер көмектесетін, университеттің қоғамдық және мәдени өміріне кеңірек араласу күтіп тұр.

ЖОО орны алтыншы жыл  американдық студенттер үшін осындай іс-тәжірибені ұйымдастыруда қабылдаушы тарап ретінде болып отыр, оның нәтижесінде жаңа білім мен тәжірибені тек американдық студенттер ғана емес, сонымен бірге мәдениаралық қатынасудан біздің студенттердің де мәдени өмірі толыға түседі. ҚАЕУ студенттері үшін -  бұл сонымен қатар аурухана нақтылы жағдайында қарқынды аудармашылық тәжірибенің бірегей мүмкіндігі, ал еріктілір үшін –  тілдік кедергіні жеңу, бастамашылық және қонақжайлық көрсету мүмкіндігі.

Қонақтарымыз Өскеменде әлі үш күн ғана болды,  алайда ол қаншама жағымды әсермен толықты десеңші!  «Бізді аудармашылар мен еріктілер жақсы таңдандырды, олар 4 ақпанда ҚАЕУ-де сенбілік кездесу ұйымдастырып, онда біз еркін жағдайда жақынырақ таныса алдық.  Балалар Өскемен қаласы және сіздердің университеттеріңіз жайлы тамаша таныстырылым әзірледі. Біздің көңілімізді олардың ақ пейілділігі, ашықтығы         толқытты, Қазақстанға сапарымыз ұмытылмастай болуын тілейміз» - деп сүйіне атап өтті Криста мен Лина.

Жексенбі күні студенттеріміз қонақтар үшін қала бойынша      экскурсия өткізіп, ал дүйсенбіде, 6 ақпанда, №4 Қалалық ауруханада іс-тәжірибе  ойдағыдай басталып кетті. Аурухана Бас дәрігерінің орынбасары  Юрий Саримович Якупов,  өз кабинетінің қабырғасында ілініп тұрған Сиэтлден келген алдыңғы бес команда мейірбикелерінің портреттерін ерекше жылылықпен және мақтанышпен көрсетті. «Ал келесі жолы, осы қабырғада, сіздердің топтарыңыздың да фотосуреттері қосылады!»  - деді ол жаңа командаға.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru