Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚР Президентінің Жолдауын талқылау жөнінде кездесулер

2017 жылдың 9  ақпанында ҚАЕУ мәжіліс залында ҚР  Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау жөнінде студенттермен кездесу болып өтті.

Іс-шараны даярлап, өткізгендер: НұржанТүсіпова –«ШҚ облыстық кәсіподақтар кеңесі» ҚБ Одағының төрайымы,  Ринад Ахметжанов – Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты және Берік Қадыров - «Самұрық» зияткерлік клубының жетекшісі.

 Мемлекет басшысының Жолдауында елдің үшінші жаңғыруын қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер қойылған.Экономиканың барлық салаларының   және   әлеуметтік саланың  инновациялық құрамдасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде  маңызды жұмыс күтіп тұр.    Осы міндеттерді жүзеге асыру табысы, әркімнің қосар үлесімен анықталады және мұнда жастардың әлеуметтік белсенділігіне ерекше рөл артылады.     

Өз сөзінде Нүржан Түсіпова жас мамандардың, кәсіпкерлердің, басшылардың  кәсіпқойлығына, құқықтық сауаттылығына, көптілділігіне  тоқталды. Соңғы жылдары үкімет ұсақ шаруа қожалықтарын ірі ауыл шаруашылық кооперативтеріне біріктірумен бірге жүретін, агроөнеркәсіп кешенінің дамуына үлкен назар аударуда. Осының бәрі ауылда жоғары білікті кадрлардың қалыптасуын қажет етеді. Осы жылдың маусым айынан  «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заң  қолданысқа енеді.

Күн тәртібінде – жастар мәслихатын құру, біртұтас жастар саясатын қалыптастыру,  деп атап көрсетті   Ринат Ахметжанов. Ол сонымен бірге    спорт нысандарын пайдалануға 50 пайыздық жеңілдік, басқа да жастарға арналған жеңілдіктерге тоқталды.

- Сіздердің университеттеріңіздің баннерінде «Біз 21 ғасыр көшбасшыларын даярлаймыз!» деп жазылған, -деді Берік Қадыров. – Бұл бүгінгі күннің өте өзекті ұраны, өйткені адами капиталды арттыру міндеті   2017 жылғы Жолдауда басымдық қатарына қойылған.

Білімді экономикалық өрлеудің жаңа үлгісінің басты буынына айналдыру, IT-білімдеріне,  қаржы сауаттылығына, жастардың патриотизмін қалыптастыруға  баса назар аудару... Қала және  ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту қажет. Соңында айтар мәселе- үштілді білімге кезеңмен өту негізі бағдарлама болып қалады.

Студенттер, өз кезегінде, студенттік іс-тәжірибе кезіндегі төмен жалақы, жас мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін қозғады. 

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Орталық 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru