Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«EXPO-2017: Қазақстанның экономикалық болашағы» қонақтық дәрісі

2017 жылдың 9 ақпанында «Қазіргі Қазақстан жағдайында қаржы-экономикалық қызмет мәселелерін зерттеу» атты  студенттік ғылыми үйірмеге қатысушылар және үйірме жетекшісі – «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самарқанқызы, Өскемен қаласы Кәсіпкерлік бөлімі экология және туризм секторының бас маманы Мұратқанов Исатай Мұратқанұлының  қатысуымен, «EXPO-2017: Қазақстанның экономикалық болашағы» тақыбына кезекті қонақтық дәрісін өткізді.

Қонақтық дәріс өткізу барысында Исатай Мұратқанұлы 2017 жылдың 10 маусымынан бастап, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесі өз есігін ашатынын атап көрсетті.

Павильондарды  даярлауға 100 ел және 10-нан астам халықаралық ұйымдар қатысады. ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Көрменің басты мақсаты – жауапкершілікке шақыру, табиғатқа кесірін мейлінше азайтып, адамдар ғаламшарда энергия тұтынуды жоспарлауға және бақылауға  үйренулері үшін пікір таластарды ынталандырып және білімді қалыптастыру болып табылады.

 Көрмені 2 миллионнан астам келіп кетушілер тамашалап, ал келіп кетудің жалпы саны 5 миллионға жуық болады деп күтілуде. ЭКСПО-2017 Көрмесі – бұл Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобасы. 2017 жылдың дүниежүзілік мамандандырылған көрмесінде қатысушы-елдер, жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер мен келешегін және де олардың экологиялық тазалығы, пайдаланудың төмен құны және қоршаған ортаға залалсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru