Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ- де ҚР Президентінің Үндеуі мен Жолдауын талқылау өткізілді

Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұжымы елдің ішкі саяси өмірі саласындағы маңызды құжаттарды талқылауға белсене қатысты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Үндеуін мен Қазақстан Республикаының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын.

Үш апта бойы   кафедралардың ғылыми-әдістемелік семинарларының отырыстары, студенттік топтардағы эдвайзерлік сағаттар  және мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Талқылау барысында елдің    қоғамдық-саяси өміріндегі        конституциялық реформалардың рөлі және олардың мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бір мағыналы бағытталуы атап өтілді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы көрсеткен білім жүйесінің рөлі атап көрсетілді: «Біздің міндетіміз– білімді экономикалық  өсудің жаңа үлгісінің басты буыны ету. Оқу бағдарламалын сыни ойлау қабілеттерін және ақпаратты өздігімен іздеу дағдыларын дамытуға бағыттау қажет». Президент Н.Ә. Назарбаев жоғары білім жүйесінің сапасына ерекше назар аударады: «Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, олардың  материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және білім бағдарламаларының деңгейіне қатысты бақылау мен талаптарды күшейту керек».

Профессор-оқытушылар  құрамының,  қызметкерлер мен студенттердің барлық сөйлеген сөздерінде Президент ұсынған міндеттер, мемлекеттілікті нығайтуға, демократияның дамуына және елдің экономикалық дамуын жаңғыртуға бағытталғаны атап өтілді.

ҚАЕУ Ғылыми Кеңесінің кеңейтілген отырысында, ҚР  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Үндеуін талқылау қорытындылары бойынша ұсыныстар жасау жөніндегі жұмыс тобына ұсынылатын конституциялық реформалар мәселелері бойынша ұсыныстар қабылданды.

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Орталық

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru