Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

 

Халықаралық серіктестік Қазақстан-Американдық еркін университетінің стратегиялық басымдықтарының бірі болып, оның барлық академиялық және ғылыми бағдарламаларының негізінде жатыр.

2017 жылдың 11  ақпанында ректорат отырысы өтіп, онда ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев  пен халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президентіДэниелБэлласт дәстүрлі жыл сайынғы американдық серіктестермен кездесу қорытындыларымен таныстырды.         

Сапар барысында студенттердің академиялық жұмылғыштығын кеңейту бойынша  ынтымақтастықтың, бірлескен білім бағдарламаларын және ҚАЕУ-не шетелдік студенттерді жұмылдыруды  жүзеге асырудың  жаңа серіктестіктері мен жаңа бағыттары анықталды. 

 2016-2017 оқу жылында  Оклахома университетінде (Оклахома штаты, АҚШ) қазірдің өзінде академиялық жұмылғыштық бағдарламасы бойынша семестр бойы ҚАЕУ екі студенті оқып жатыр.  

   Майами қаласының (Флорида штат, АҚШ) тағы да бір ЖОО-мен  осы жылға академиялық жұмылғыштық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізілді. Алмасудың нақтылы түрлері келісілген соң, Ережеп  Әлхайырұлы тиісті шартқа қол қойды.    

Халықаралық ынтымақтастық департаменті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru