Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Зияткерлік меншік саласында заңнамаға өзгерістер бойынша семинар

2017 жылдың 15  ақпанында ҚАЕУ ғылыми-зерттеу бөлімі басшысының орынбасары Левина Татьяна Викторовна,  ҚР «Зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң жобасы ережелерін түсіндіру жөніндегі ШҚО Әділет департаментінің семинарына қатысты. Заң жобасының ережелерін талқылау жөніндегі іс-шара кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында өтті (DAMU).

Зияткерлік меншік саласындағы құқықтық олқылықтарды жою,  ҚР 12 нормативті-құқықтық актілеріне   180 жуық   түзетулер  енгізуге, тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құруға бағытталған.          

Семинар аясында  зияткерлік меншік нысандарын заңсыз пайдалану, сотқа дейінгі дауларды реттеу мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі мәселелер түсіндіріліп, өтінім, сараптау және тіркеу бөлігіндегі түзетулер талқыланып, өнертабыстарды заңсыз пайдалану және авторлық құқықтың басқа да нысандары  жөніндегі шараларды күшейту қажеттігі атап көрсетілді.

Семинар барысында зияткерлік меншік нысандарына мүліктік құқықтарды  коммерциялау, авторларды жаңа зияткерлік өнертабыстарға, өнеркәсіптік меншік нысандарын патенттеуге ынталандыру қажеттілігі      мәселелері қозғалды.     

Іс-шараға ШҚО кәсіпкерлері, өнертапқыштар, ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Ғылыми-зерттеу бөлімі

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru