Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Америкада мейірбике американдықтардың көзімен

           Осындай тақырыптағы ақпараттық тұсаукесер ҚАЕУ-де 2017 жылдың 16 ақпанында болып өтті.

Міне алты жыл бойы мейірбикелердің тобы мұхиттың арғы жағынан Өскеменге келіп, ҚАЕУ және төртінші қалалық ауруханада оқу- таныстырылымдық іс-тәжірибеден өтеді.

 Биыл Сиэтл қаласының (Вашингтон штаты, АҚШ) Нортвест  Университетінің  студенттері өздері және өз мамандық таңдаулары жайлы айтып беруді шешті. Қаланың медициналық мекемелері қызметкерлері және Өскеменнің дәрігерлік және  стоматологиялық колледждері студенттері алдында,  АҚШ-нан келген іс-тәжірибешілер Данэт Верворт, Ханна Родли, Кэролин Линдсли, Криста Харригил, Джоди Дуфор, Лина Майтак сөз сөйледі.

Сонымен, американдық қоғамдағы орта медициналық қызметкерлер мамандықтарының рөлі қандай? Олардың АҚШ емдеу мекемелеріндегі міндеттері мен мүмкіндіктері. Американдық ЖОО орта медициналық қызметкерлерді кәсіптік оқыту мен даярлаудың өзіндік ерекшеліктері неде: жалпы талаптар, жекелеген штаттардың өзіндік ерекшеліктері, лицензиялау… Орта медийиналық қызметкерлердің өсу және біліктілігін арттыру мүмкіндіктері.

Осындай кездесу мен сұхбаттасу бастамасы екі тарап жағынан болды. Біздер, қазақстандықтарға, қазіргі кездегі Америкада дәрігер болып қызмет етудің қандай екендігін білу қызықты. АҚШ-нан келген оқытушылар мен   студенттерге осы жайлы бөлісу және қазақстандық өмірмен салыстыру қызғылықты болды.

Сондықтан кездесу қызу әңгімелесу және мүдделі жағдайда өтіп, әсер, пікір  алысу, салыстырумен жалғасып отырды.  Әрине, оқу құны, АҚШ-да орта медициналық қызметкерлердің жалақысы қандай деген сауалдарсыз да болмай қалған жоқ.   

Кездесу модераторлары ретінде ҚАЕУ халықаралық ынтымақтастық Департаментінің  директоры Серік Әбілов пен халықаралық бағдарламалар  үйлестірушісі Анна Кабардина болды. ҚАЕУ студенттері ауызша аударманың үлкен тәжірибесін алды.

Тұсаукесер тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылды.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru