Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ өкілдері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентттігінің семинар-кеңесі жұмысына қатысты

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ  ІС –  ҚИМЫЛ 

 

2017 жылдың 17 ақпанында ҚАЕУ бірінші вице-президенті Конопьянова Галина Ахбайқызы және «Құқық және халықаралыөқ қатынастар» кафедрасының аға оқытушысыЗайнутдиноваНүрияМүкарамқызы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Жоғары оқу орны жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру» атты селекторлық семинар-кеңеске қатысты.

Семинарды кіріспе сөзбен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары    Шпекбаев А.Ж. ашты.

Семинар жұмысы аясында, ҚР Президенті жанындағы МБА қолданбалы зерттеулер Институтының  директоры Жұмағулов М.И. баяндама жасады,  ол    «Ұлт жоспары:   бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 5 басымдығына сәйкес,  «Халықтың әр әлеуметтік топтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» үлгідегі бағдарлама, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша оқу құралы  жасалғанын, бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқулығын әзірлеуге негіз болғанын атап көрсетті.

ҚР БҒМ жоғары және ЖОО кейінгі білім Департаментінің директоры Д.Ахмед-Зәки Қазақстан ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы  білім беру саласында жүргізіліп жатқан іс – шараларға тоқталды.

ҚазМЗУректоры НәрікбаевТ.М.  «Академиялық адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының негізі» тақырыбына баяндама жасады. Нәрікбаев Т.М. академиялық адалдық қағидасын жүзеге асыру үшін, экономикалық мақсаттылығына қарамастан, осы бағытта     «түсіну» және «іс-қимыл»  қажет екенін атап көрсетті.

Іс-шараға қатысушылар- өңір ЖОО басшылары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің оқытушылары, жастар ұйымдарының өкілдері болды.  

Жұртшылықпен байланыс Орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru