Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚР қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Байгужинамен А.М. кездесу

2017 жылдың 20  ақпанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау жөніндегі университеттегі жалғасып отырған жұмыс       аясында, профессор-оқытушылар және студенттер ұжымының   ҚР қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Байгужина Айгүл   Мырзатайқызымен   кездесуі болып өтті.     

Спикер елдің бәсекеге қабілеттілін қамтамасыз ете алатын жаңғыртудың жаңа үлгісін құру үшін ҚР Президентінің Жолдауының маңызын атап өтіп, бағдарламалық құжатта көрсетілген бес басымдық міндеттердің бәріне толық тоқтады.  

Студенттер мен оқытушылар Республикалық бюджеттің тапшылығы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қаржыландыру, ҚР Салық Кодексін ықшамдау, ҚР Ұлттық Банкінің проблемалық несиелер бойынша екінші деңгейлі банктердің баланстарын тазарту жөніндегі жұмысы және басқаларға қатысты көптеген сауалдар қойды.

Барлық қойылған сауалдарға   Байгужина А.М. жетік және жан жақты жауаптар берді.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru