Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Пәндік-тілдік біріктірілу әдістемесі (CLIL) арқылы көптілді білімді жүзеге асыру» семинары

2016-2017 оқу жылында «2015-2020 жылдары үштілді білімді дамыту Жол картасын» жүзеге асыру аясында Қазақстан-Американдық еркін университеті, жоғары мектеп жүйесіне үштілді оқытуды енгізудің ұйымдық-әдістемелік мәселелеріне арналған ЖОО ОПҚ үшін ғылыми-әдістемелік семинарлардың топтамасын өткізуде. Семинарлар мәселенің бірқатар қырларын ашып көрсетеді, олар жиынтығында көптілділік білімнің мәнін және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі бағыттарын анықтайды.

2017 жылдың 20  ақпанында «Пәндік-тілдік біріктірілу әдістемесі (CLIL) арқылы көптілді білімді жүзеге асыру» атты кезекті ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті. Семинарды «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Герсонская Валентина Владимировна өткізді. Ол семинарға қатысушыларды, білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейіне және оқытудағы қойылған мақсаттарға байланысты пәндік-тілдік біріктірілуді қолданудың әртүрлі әдістерімен таныстырды.   Сонымен қатар семинар барысында, командалық жұмысты ұйымдастыру, ағылшын тілін нұсқау тілі, тілдік қолдау стратегиясы ретінде қолдану,  пәндік-тілдік біріктірілу әдістемесін қолданумен тиімді сабақтар жүргізу үшін көрнекіліктің рөлі мен түрлері және түпнұсқалық материалдармен жұмыс сияқты тақырыптар қозғалды.   

Герсонская В.В. CLIL әдістемесін қолдану арқылы дәрістік және тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру, оқытушылар мен студенттердің кездестіретін проблемелары және оларды жоюдың мүмкіндігі бар тәсілдері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.   .

Семинар жұмысына, сонымен бірге Сібір тұтыну кооперациясы университетінің шетел тілі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Чирейкина Ольга Юрьевна (Новосібір қаласы, Ресей) қатысты.

«Шетел тілі» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru