Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Мансап және Тұлға дамуының халықаралық орталығы

2011 жылдың қараша айынан бастап ҚАЕУ жанындағы «Көшбасшылыққа оқыту Орталығы», «Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» болып қайта өзгертілді.

Жоба жетекшісі, американдық тараптан ҚАЕУ вице-президенті Дэниел Бэлласт әңгімелейді:

Дэниел Бэлласт

- «Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» жұмысын Лингвистикалық және Бизнес бағыттары бойынша жүзеге асырады. Лингвистикалық даярлыққа Қазақстанда да, шетелдерде де (Америка, Ұлыбритания, Филиппин) ағылшын тілін оқып-үйрену жөніндегі әртүрлі курстар мен бағдарламалар және де қазақ тілі курстары да кіреді. ҚАЕУ бәсекелестік артықшыларының бірі – ағылшын тілін тереңдетіп оқып-үйрену. Бұл бағытта университеттің көп атқарылған істері бар. Көпжылдық халықаралық ынтымақтастық бізге шетелдік оқытушыларды курстарға қатысуға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Оқытушыларды корпоративтік оқытуға және тілдік даярлығына ерекше көңіл бөлінетін болады. «Көшбасшылық халықаралық Академиясы» бағдарламасына енді тек студенттердің ғана емес, сонымен бірге университет оқытушыларының да қолы жетеді.

Мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіптік өсуі мақсатында қазақстандық және шетелдік оқытушылар мен маман-практиктердің қатысуымен бизнес-білімнің әртүрлі формалары қолданылады: бизнес-тренингтер, тақырыпнамалық қысқа мерзімді семинарлар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары және т.б.

Орталық ACBSP американдық ұйымның аккредитациясынан өткен басшылар үшін МВА бірегей бағдарламасын ұсынады. Басшылар үшін МВА – бұл бизнесте табысты басқару мансабының кілті. Магистрлік диссертацияны қорғағаннан кейін түлектер, басшылар үшін Іскерлік Әкімшілік ету Магистрі дәрежесі берілгені туралы диплом алады.

Оқытудың еуропалық сапасы мен үлгісіне бағдарланып, біз қазақстандық бизнестің ерекшеліктерін есепке аламыз, мұның өзі біздің бағдарламамызға сөзсіз артықшылық береді.

«Мансап және Тұлға дамуының халықаралық Орталығы» ҚАЕУ студенттері мен қызметкерлерінің де, қала қауымының да кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Международный центр развития Карьеры и Личности» открывает новые возможности для развития профессионального и личностного роста, как студентов и сотрудников КАСУ, так и общественности города».

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru