Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстан-Американдық еркін университетіндегі жас ғалымдар форумы

Қазақстан-Американдық еркін университетінде 2011 жылдың 24-26 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» атты жас ғалымдар Форумы болып өтті.

 

Форум молодых ученых в Казахстанско-Американском свободном университете

ҚАЕУ шетелдік серіктестерімен жемісті ынтымақтастығының көпжылдық тәжірибесі жас ғалымдардың Форумын халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік туғызды. Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ-тан (Ореген,Алабама,Гавайи,Миннесота) 400-ден астам баяндамашылар қатысты. 

Форум аясында студенттердің ғылыми шығармашылығын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар өткізілді: қызметкерлерді басқару жөніндегі іскерлік ойыны және «Қазақтың әдеттегі құқығындағы билер төрелігі» атты ашық сот процесі.

Форум молодых ученых в Казахстанско-Американском свободном университете

Форум студенттер, магистранттар және докторанттардың ғылыми зерттеулерін біріктірді. Екінші жарты жылдықтың оқу жоспарына сәйкес 15-тен астам шетел оқытушылары ҚАЕУ-нде жұмыс атқарады. Қазіргі заманның ғаламдық мәселелерін тек қана студенттер емес, сонымен қатар профессорлар, PhD докторлары - Маршалл Кристенсен, Патрик Митчелл, Дэниел Бэлласт, Уон Ан және т.б. талқыға салды.

Халықаралық конференция көптілді сипатта болды. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқылып, соның ішіндегі ең үздік деп танылғандары мақтау қағаздарымен марапатталып, ҚАЕУ-нің жинағында басылып шығуына ұсынылды.

Форум молодых ученых в Казахстанско-Американском свободном университете Форум молодых ученых в Казахстанско-Американском свободном университете
Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru