Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Мектеп-жоо» жүйесіндегі білім берудің заманауи мәселелері:оларды шешудің әдістері мен жолдары» атты өңірлік конференция

Білімнің бәсекелестікке қабілетті тұрақты парадигмасын қалыптастыру және бірыңғай білім тұжырымдамасын құру мақсатында Қазақстан-Американдық еркін унивеситетінде облыстық білім басқармасы, Өскемен қаласы білім бөлімі қолдауымен ««Мектеп-жоо» жүйесіндегі білім берудің заманауи мәселелері:оларды шешудің әдістері мен жолдары» атты өңірлік конференция болып өтті.

Оған ШҚО білім беру басқармасының, Өскемен қаласы білім беру бөлімінің өкілдері, қалалық білім беру ұйымдарының мұғалімдері және де ҚАЕУ қызметкерлері қатысты.

Іс-шара жүргізу аясында өңірлік конференцияға қатысушыларға университет кітап қорының ҚАЕУ колледжі, лицейі,университет оқытушыларының ғылыми және әдістемелік еңбектерінің көрмесі жұмыс істеді.

Конференция жұмысы 4 секция бойынша жүрді: «ЖОО-на дейінгі даярлау мәселелері», «Мамандарды тілдік даярлау», «Білім берудің психологиялық-педагогикалық қырлары», «Ақпараттану, математика және физиканың дамуы». 100-ден астам баяндама тыңдалып, өңірлік білім берудің теориялық және іс-тәжірибелік мәселелері талқыланды.

Ең салтанатты сәт үздік жұмыстарды марапаттау болды. Өңірлік педагогикалық қауымдастығы өздерінің алдарында тұрған міндеттердің көпшілігін шешуге болатындығын көрсетті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru