Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Оқу орнындағы электрондық кітапхана» әдістемелік семинары

Ақпарат пен білім мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады, ал оларға  қол жеткізу - әлеіметтік-экономикалық дамудың негізгі факторларының бірі болып табылады. XXI ғасырдың көшбасшыларын даярлау үшін білім беру қызметін көрсету жетілдіруге ұмтылып, Қазақстан – Американдық еркін университеті 2011жылдың 27 қаңтарында Өскемен қалалық білім басқармасымен бірлесіп «Оқу орнындағы электрондық кітапхана» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

Семинар кітапхана саласында білім және мәдениет қызметкерлері үшін өзекті оқиға болды. Өйткені олардың жұмысы бәсекестілікке қабілетті жастарды даярлауға бағытталған. Бұл тұрғыда элоктрондық кітапхананы әзірлеуде жүйелік әкімгерлерінің және де кітапхана  қызметкерлерінің біліктілігін көтерудің үлкен маңызы бар.

Іс-шараға Өскемен қаласы білім бөлімінің өкілдері,қала білім ұйымдарының кітапханашылары және де халықаралық серіктестік Қазақстан-Американдық еркін университетінің қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушылар арасында ашық диалог, электрондық кітапхана дамуының бірқатар өзекті мәселелері бойынша тәжірибе мен пікір алмасу болды, сонымен бірге оқу орнындағы электрондық кітапхана құру жөнінде шеберлік сыныбы өткізілді.

Семинарға қатысушылардың барлығына сертификаттар тапсырылды.Семинарға берілген баяндамалар осы жылдың сәуір айында өтетін« «Мектеп-ЖОО» жүйесінде білім берудің заманауи мәселелері» Өңірлік ғылыми-практикалық конференцияның материалдарында жариялауға ұсынылды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru