Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ Өскемен қаласының жас зияткерлерін қабылдады

2011жылдың 14-15 қаңтарында Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында  «Дарынды балалар» бағдарламасы аясында Республикалық олимпиаданың II кезеңі – 15мектеп пәндері бойынша 9-11сынып оқушылары арасында қалалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадалар тек дарынды жастарды анықтау мен қолдау түрі ғана емес, сонымен қатар білімнің әлеуметтік мәртебесін көтеруге және оқушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығының дамуына көмектеседі.

Республикалық олимпиаданың 2010-2011 оқу жылындағы бірінші мектептік кезеңі күзгі демалыс кезеңінде өтті, оған Өскемен қаласының 9000 астам оқушылары қатысты. Ал 2010 жылдың желтоқсанында мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары-2500 оқушы қалалық кезеңнің таңдау турының қатысушылары болды.

Қалалық олимпиаданың турына Өскемен қаласы 20 жалпы білім беретін мектептерінен  700-ден астам оқушы қатысты.

Балаларды білікті жюри – қала мектептерінің тәжірибелі педагогтары мен Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқытушылары бағалады.

Олимпиаданың қалалық турының көптеген қатысушылары үшін бұл тек өзіңнің басқалардан үздік екеніңді өзіңе дәлелдеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге мәртебелі ЖОО-на түсудің бастапқы сатысы.

«Олимпиада оған қатысушылар үшінодан әрі өсуге, өз қабілеттерін дамытуға бірегей мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті, ҚАЕУ оқу жұмысы және білім бағдарламалар жөніндегі вице-президенті Галина Ахбайқызы Конопьянова –сондықтан да біз  оны жыл сайын, еліміздің болашақтағы  әлеуетінің дамуына зор үлес қосатын білім беру жүйесіне арналған стратегиялық іс-шаралардың бірі ретінде қолдаймыз».

Қалалық білім беру бөлімі өкілдері олимпиада өткізілген орынның ұйымдастырылуының жоғары дәрежесін атап өтіп, ҚАЕУ басшылығына іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru