Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Халықаралық конгресті өткізу қорытындылары

ҚАЕУ-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның көшбасшылары ұрпағын қалыптастырудағы халықаралық серіктестік» атты Халықаралық ғылыми конгресс болып өтті.

Экологиядан «Өнеркәсіптік және коммуналдық экология мәселелерін шешу» атты семинар облыстың кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен Ресей Федерациясы және Германияның мамандарымен бірлесіп өтті. Семинарда инновацияларды өндіріске енгізу мүмкіндіктері мен жолдары талқыланды. Халықаралық ақпараттандыру Академиясының (Ресей, Германия) академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Ф.И.Лобанов шеберлік сыныбын жүргізді. Ол Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурс байлықтары және биоәркелкілігі жағынан бірегей өңір екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның тау-кен өндірісі,металлургия және энергетикалық өнеркәсібінің дамыған аса ірі индустриалық орталығы. Экологиялық жағдайды оңалту жайлы мәселе мұнда ерекше орын алады.

ҚАЕУ-нің бұл мәселені шешудегі қосқан үлесі үшін Ф.И.Лобанов ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Мәмбетқазиевке Халықаралық ақпараттандыру Академиясының «Әлем информациологтарының элитасы» медалін тапсырды.

Өндіріске жаңа технологияларды енгізу үшін профессор Ф.Лобанов өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандарына ақпарат үшін «Компании Нью Текнолоджис Плюс» (www.kntp.ru) ресми сайтына кіруге кеңес берді.

Семинардың аясында «Қазақстан-Американдық еркін университетінің Хабаршысы» Республикалық журналының «Экология, математика және ақпараттық технологиялар мәселесі» шығарылымының тұсаукесері болып өтті.

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

«Ақпараттық кеңістіктің халықаралық кірігуі: басымдықтары мен даму болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция.

ҚАЕУ, жаңа үлгідегі ғылыми-білім беру орталығы бола отырып, міндеттерінің бірі ретінде, өңірлік те, халықаралық деңгейде де ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың табысты дамуын алға қояды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы алты тақырыптық секцияларға бөлінді: «Экономика және менеджмент мәселелері», «Құқық және тарихтың өзекті мәселелері», «Гуманитарлық ғылымның дамуының теориясы мен тәжірибесі», «Экология, математика және компьютерлік технологиялардың өзекті мәселелері», «Педагогика және психология: даму мәселелері және болашағы», «Заманауи тілдердің дамуы мен оқыту әдістемесінің мәселелері». Олардың әрқайсысында АҚШ, Канада, Украинадан келген шетелдік серіктестердің қатысуымен шеберлік сабақтары өтті.

Конференция кезінде «Intel» компаниясында ұзақ жылдар қызмет еткен АҚШ азаматы Патрик Митчеллдің атындағы компьютерлік зертхана ашылды. 12 жыл бойы ол ҚАЕУ келіп-кетіп тұратын лекторы болды. Патрик Митчелл компьютерлік технологияларды мүлтіксіз меңгерген мамандарды даярлауға елеулі үлес қосты.

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

Итоги проведения Международного конгресса

«ЖОО-да көшбасшылық мәдениетінің қалыптасуы: жоғары білімдегі құндылықтар».

Дөңгелек үстелге қатысушылар - ҚАЕУ басшылығы, шетелдік серіктестері және профессор-оқытушылар құрамы, Ресей бизнес-құрылымдары өкілдері және Қазақстан Республикасы, Украина жоғары оқу орындары басшылары арасында жоғары білім жүйесінде құндылықтарды қалыптастыру мәселелері бойынша ашық пікір талас жүрді. Спикер болғандар: Маршалл Кристенсен (жетекші шетелдік серіктес, ҚАЕУ кураторы), Хью Холлман (заңтану докторы, АҚШ-ғы Темпе қаласының Мэрі), Джонатан Мартин, Ф.Лобанов (Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі (Ресей,Германия), «Компании нью техноложис плюс», химия ғылымдарының докторы,профессор), Е.Мәмбетқазиев (ҚР ҰҒА академигі, ҚАЕУ президенті).

«ЖОО-да көшбасшылық мәдениетінің қалыптасуы: жоғары білімдегі құндылықтар» атты Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша АҚШ, Ресей, Украина, Қазақстан ұйымдары арасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының құндылығы ретінде көшбасшылық мәнеитетін қалыптастыру жөнінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

ҚАЕУ Ғылыми Кеңесінің ҚАЕУ кураторы, АҚШ азаматы Маршалла Кристенсеннің туғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты мәжілісі

ҚАЕУ кураторының мерейтойы Егемен Қазақстанның мерейтойы жылымен сәйкес келді. 90-жылдардың басында екі елдің достастығы мен өзара түсіністігі 2 құрылықты, 2 мәдениетті, 2 әртүрлі тілді және дінді біріктірді. ҚАЕУ жобасының авторы академик Е.Мәмбетқазиевтің идеясын қолдап, американдық әріптесі ЖОО мен Республиканың тарихына біржола енді. Қазақстандық әріптестерге сенімді қатынасының айқын белгісі Маршалл Кристенсеннің өзінің 70 жылдығын Шығыс Қазақстанның қонақжай жерінде атап өтуге келісімін беруі болды. ҚАЕУ дамуын қолдау «Co-Serve International» Қорының (АҚШ) бастамашысы, дарынды студенттерге арналған «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасының жетекшісі және бастамашысы, педагог, тәлімгер – осының бәрі Маршалл Кристенсен.

Республика Үкіметі, М.Кристенсенді «ҚР құрметті білім беру қызметкері» белгісімен марапаттап, американдық әріптестің қосқан үлесін лайықты бағалады, Білім және ғылым министрлігі де оны «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және қоғамдық даму саласындағы қол жеткізген табыстары және білім мен ғылым саласындағы қосқан үлесі үшін» құрметті грамотасымен марапаттады.

Мерейтой иесінің атына құттықтаулар тек жергілікті билік органдары мен ұйымдардан (Өскемен қаласының әкімдігі, «Қазмырыш» ЖШС, ШҚТУ,ШҚМУ) ғана емес, сонымен бірге әлемнің әр елдерінен: АҚШ,Ұлыбритания, Австралия, Оңтүстік Корея,Ресейден келген құттықтау хаттары келіп түсті. М.Кристенсенді құттықтауға келгендер: Украинадан әріптесі – В.Якуба (Б.Гринченко атындағы Киев университетінің өкілі), Алматыдан «Қазақ спорт және туризм академиясының» проректоры Р.Дүсіпова М.Кристенсенге «Құрметті профессор» атағын беру жөніндегі Ғылыми Кеңестің шешімін жеткізді. Табыс және гүлдену тілектері ҚАЕУ шетелдік әріптестерінің құттықтау хаттарында жазылған.

Ғылыми Кеңестің салтанатты мәжілісінде ҚР Тәуелсіздігінің 20жылдығына арналған жаңа «Қазақстан-АҚШ: болашақ ұрпақ үшін» атты қазақ,орыс ағылшын тілдерінде шыққан кітаптың тұсаукесері болып өтті. Е.Мәмбетқазиев, М.Кристенсен, Д.Бэлласт –сапалы білімге құштарлықпен біріккен кітаптың үш авторы, үш қызметтестер ҚАЕУ құрылу және қалыптасу тарихы жайлы өз естеліктерімен бөліседі. Сын пікір білдірушілердің бірі Хью Холлманның (заңтану докторы, АҚШ-ғы Темпе қаласының Мэрі) айтуынша: «Үш автор жазған кітап, әр елдің көптеген адамдарының тарихын қамтиды, өйткені ҚАЕУ кеудемсоқтық пен жеке бастың қамы үшін емес, болашақ ұрпақ үшін құрылған».

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru