Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстан-Американдық еркін университеті Ғылыми Кеңесінің мәжілісі

2011 жылдың 10 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университеті Ғылыми Кеңесінің мәжілісі болып өтті.

Іс-шараның барысында, ұзақ мерзімді «2010-2017 жылдарға арналған ҚАЕУ даму стратегиясына» негізделген университеттің 2011-2012 оқу жылы ағымдағы жоспарының жүзеге асырылуына талдау жасалды және де университеттің тұрақты дамуына бағытталған басымдық міндеттерін шешуге бүкіл ұжымның күш жігерін жұмылдыруға мүмкіндік беретін бірқатар мәселелер қаралды.

Күн тәртібінің негізгі бағыттарының мәселелері мыналар болды: американдық бағдарламаның дамуы жобасының жүзеге асырылу барысы жайлы; 2011жылғы университеттің оқуға қабылдау науқанының нәтижелері туралы; ҚАЕУ қаржы-экономикалық қамтамасыз ету қызметі жайлы; ҚАЕУ халықаралық бағдарламалары мен жобалары туралы. Американдық тараптан вице-президент Дэниел Бэлласт стратегиялық мақсатты белгілеп берді –ЖОО-ның жалпыға бірдей танымал халықаралық агенттікте жалпы аккредиттеуден өту арқылы халықаралық аренада ҚАЕУ мәртебесін көтеру, АҚШ университеттері және ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісім шарттардың санын арттыру. Осы мақсатқа қол жеткізуге алғашқы қадам -ҚАЕУ және «Co-Serve International» қоры арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қою болды.

Заседание Ученого Совета Казахстанско-Американского свободного университета

Баяндамалар мен сөйлеген сөздерді сындарлы талқылау барысында Ғылыми Кеңес күн тәртібінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Ғылыми Кеңестің төрағасы, ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Ә.Мәмбетқазиев, заманауи өлшемдерге сай келетін сапалы білімге қол жеткізу мақсатына біріккен, қабылданған шешімдер мен негізгі мәселелердің маңыздылығын атап көрсетті.

Заседание Ученого Совета Казахстанско-Американского свободного университета

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru