Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Уақытта ақын өмір сүреді

Поэт-певец не умирает,

В плену восторженных идей,

Воспев любовь к родному краю,

Свой путь духовный продолжает,

Воскреснув в памяти людей.

Н.П.Герасимов

(Памяти М.И.Чистякова)

Живет во времени поэт

Қазіргі кезде өңірлік мәдениеттің феноменін ғылыми тұрғыдан салмақты түрде зерттеу, Респуликаның және бүкіл әлем мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын облыс мәдениетін халықаралық деңгейге шығару қажеттілігі ерекше байқалады

Біздің өңірдің әдебиеті – бұл шығармашылық рух өріс алған, көркемдік талғам қалыптасатын ерекше әлем. Кенді Алтайдың даңқы мен мақтанышы болып келетін есімдердің ішінде Михаил Иванович Чистяковтың да есімі бар. Осы ақынды еске алу күндері халықаралық серіктестік Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында , танымал қазақстандық ақынды, «Ертіс жерінің жыршысы», Михаил Иванович Чистяковты «еске алу күнінің» бес жылдығына орайластырылған «Чистяков оқулары» атты өңірлік семинар болып өтті.

Ақынның жақын досы және әдеби хатшысы И.Б.Каланчина былай дейді: «М.Чистяковтың өмірден озуы – бұл оның дарынына еліктеушілер үшін орны толмас қайғы. Бес жыл бұрын ҚАЕУ Чистяков оқуларын өткізу бастамасын өз қолына алғанда М.Чистяковтың шәкірттері мен ізбасарларының мерейлері үстем болды, өйткені ҚАЕУ қабырғасында біз оның шығармашылық әлеміне кіретін және өзімізден Михаил Чистяковты жібермейтін ортақ үйіміз пайда болды. ҚАЕУ-не, ректоратына және Е.Ә.Мәмбетқазиевқа өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосатын зор үлестеріңізге , өз шәкітртеріңіз бен студенттеріңізге мәдени және тілдік сипаттағы құндылықтар маңызды болып отырған әлемге деген көзғарасты игеруге көмектеріңізге, сонымен бірге әдебиеттану, тарих, тілтану, өнертану, мәдениеттану, библиография саласында мамандарды біріктіргендеріңізге алғыс білдіргім келеді. Осы үшін Сіздерге мың да бір рахмет!

Семинар аясында мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Мұнда өңірлік авторлардың шығармалары ерекше шабытпен орындалды.Әділ қазылар алқасы керемет орындауларды және тамаша таңдап алынған өлеңдерді атап өтті.

Живет во времени поэт Живет во времени поэт Живет во времени поэт

Семинардың екінші бөлігі өңірлік мәдениеттің теориялық және тәжірибелік мәселелерін талқылау енетін конференция түрінде өтті. Оған өңірлік ақындар, жазушылар, ЖОО студенттері мен оқытушылары, колледждер мен мектептердің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

.Іс-шара жүргізілетін күні ЖОО кітапханасында, Михаил Чистяков пен оның ізбасарларының (Наталья Матвеева, Валентина Гусева, Николай Герасимов және басқалары) шығармалары енген кітаптар көрмесі және де өңірдің көркем сөз шеберлері (Александр Егоров, Герань Сидоренко, Любовь Михина-Козлова, Наталья Матвеева және т.б.) басылатын ЖОО ашық баспалық жобасы – «Өңір авторларының мұрасы» сериясы кітаптарының тұсаукесері болды.

Атаулы күнге ақынның жақын-туыстарының естеліктері енгізілген «Михаил Чистяковты еске алу» атты материалдар және де оның шығармалары бойынша сабақтардың және сыныптан тыс іс-шаралардың оқу-әдістемелік әзірлемелері дайындалды. «V Чистяков оқулары» cеминар материалдары бойынша жинақ басып шығаруға дайындалуда.

Семинардың жабылуына облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Артамасов Александр Андреевич қатысты. Ол былай деп атап көрсетті: «Чистяков оқулары» жас ұрпақтың азаматтығын тәрбиелеуде, өз Отанына, кіші отанына деген сүйіспеншілігін тәрбелеуде үлкен рөл атқарады. Әкімдік атынан осы іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан-Американдық еркін университеті ректоратына, бірінші кезекте осы іс-шараның бастамашысы Мәмбетқазиевқа Е.Ә., ұйымдастыру комитетінің барлық мүшелерін және әрине, Сіздерді дәстүрлі «Чистяков оқуларына » қатысушыларға алғыс білдіргім келеді. Осы дәстүрді Сіздер бастағандарыңыз үшін рахмет, біздің жастар үнемі М.Чистяковтың шығармашылығымен танысып, Шығыс Қазақстанда осындай адамдар өмір сүріп, жұмыс істеп, шығармашылықпен айналысқан осындай адамдардан үйренуі үшін сіздер осы дәстүрді жалғастырасыздар».

Семинар қорытындысы бойынша, өңірлік мәдени мұраны дамытуға және кеңінен таратуға елеулі үлес қосқан қатысушыларға облыстық әкімдік, ҚАЕУ, облыс мәдениет орталығы және шығармашылық интеллигенция атынан алғыс хаттар тапсырылды.

Мәнерлеп оқу байқауы жеңімпаздарына алған орындары үшін, конференцияға қатысушыларға аталымдар бойынша марапаттау қағаздары тапсырылды.

Живет во времени поэт Живет во времени поэт
Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru