Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Мектеп-жоо сұхбаты

2011жылдың 22 сәуірінде Өскемен қаласының №24 орта мектебі (ОМ) базасында мектеп директорлары үшін «Білім беру үдерісіндегі субъектілердің құзыретін даму шарты ретіндегі білім беру орта мектебін басқару» атты семинар өтті.

№24 ОМ инновациялық және озық мектептердің бірі болып саналады. Қала Әкімінің шешімімен ол эксперименттік алаңдар қатарына кіреді. №24 ОМ шығармашылық ұжымы әріптестерін өздерінің бірегей тәжірибесімен алмасуға жинады.

Іс-шараға Өскемен қаласының барлық мектеп директорлары,білім беру бөлімдерінің, ШҚО білім беру басқармасының, Қазақстан-Американдық еркін университеті өкілдері қатысты.

Семинар осы мектептің директоры Хаукка Людмила Антоновнаның сөзімен басталды. Директордың тәжірибелік эксперименттік жұмыс  жөніндегі  орынбасары Н.Н.Букина ««Білім беру субъектілерінің құзыретін даму шарты ретіндегі білім беру орта мектебін басқару» мәселесі бойынша мектеп жұмысының тәжірибесін ашып көрсетті.

Семинар барысында білімнің теориялық және іс-тәжірибелік мәселелері талқыланып, бірқатар ашық іс-шаралар болып өтті. Мұғалімдер және жоғары мектеп өкілдері арасында сұхбат болды.ҚАЕУ президенті,ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев жаңа білім беру парадигмасындағы заманауи мектептердің маңыздылығын атап өтті.

Өскемен қаласы білім бөлімі бастығының орынбасары Ш.Б.Күленова ҚАЕУ басшылығына және жеке Е.Ә.Мәмбетқазиевқа қалалық білім беру бөлімімен бірлескен жұмысқа жоо-ның бөліп отырған назарына алғысын білдірді. Бұл жылы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде бірқатар іс-шаралар өткізілді: мектеп оқушыларының қалалық ғылыми сайыстары және қушылардың жалпы білім пәндері бойынша олимпиадасы, өзін-өзі тану бойынша семинар және олимпиада, мектеп кітапханашыларына арналған конференция, «Чистяков оқулары» атты өңірлік семинар және басқалары. Шолпан Борисқызы өңірде білім беру сапасын арттыруға бағытталған одан әрі жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үмітін білдірді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru