Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Кофе ішу барысында әңгімелесуге мұхиттың ар жағына іскерлік сапар

Кофе ішу барысында әңгімелесуге мұхиттың ар жағына іскерлік сапар

(ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі,профессор Мәмбетқазиевпен сұхбат)

Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті Е.Мәмбетқазиев Вашингтонға АҚШ Президенті қатысатын 59-шы жылсайынғы Ұлттық Таңғы асқа шақырылған болатын.

Е.Мамбетказиев, М.Кристенсен, Д.Бэлласт

АҚШ Ұлттық Таңғы асы – бұл жыл сайын Вашингтонда өтетін жеке іс-шара. Биылғы Таңғы ас шақырылған 4500 адамды жинады. Олардың ішінде Америка элитасының өкілдері бар: АҚШ Конгрессінің мүшелері, министрлер, губернаторлар және қоғамның әр саласының өкілдері болып келетін әлемнің 160 –тан астам елінен шетелдік қонақтар, шет мемлекеттердің басшылары, дипломаттар,саясаткерлер, елшілер және қоғамның басқа да өкілдері.

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор Ережеп Мәмбетқазиев АҚШ-тағы дәстүрлі Ұлттық Таңғы асқа екінші рет қатысып отыр. Алғашқы рет оны 2004 жылы Джорж Буш (кіші) шақырған болатын.Университет пен республика үшін бұл оның сіңірген еңбегін тану және ЖОО мен еліміздің беделінің жарқын көрінісі екені сөзсіз.

- АҚШ-тың басты таңғы асында кімдер сөз сөйледі?

- Басты оқиғада, әдетте, екі арнайы қонақ қатысып,сөз сөйлейді. Алдымен жиналғандарға арнап Құрама Штаттар Президенті Барак Обама сөз сөйледі. Ол өзінің тұлға және саясаткер ретінде қалыптасу тарихы жайлы айтып берді.

Биыл, кездесуге дейін атын құпияда сақтаған әйгілі «Батыл жүрек» кинофильмінің режиссері, Рэндалл Уоллес ерекше қонақ болды.

- АҚШ-қа Сіздің сапарыңыз кезінде қандай жұмысшы кездесулері болды?

- АҚШ-қа ұлттық Таңғы асқа шақыру алысымен мен АҚШ-тағы ҚР елшісі Ерлан Ыдрысовқа өзімнің Америкаға сапарым жайлы хат жібердім, онда біздің университеттің қызметі мен оның жетістіктері жайлы айтылды. Кофе ішу кезінде 1,5 -2 сағат барысында біз шетелдік серіктестерімізбен оған ҚАЕУ-нің бірегей тәжірибесі, оның мақсаттары, міндеттері және жоғары білім саласында халықаралық ынтымақтастыққа зор назар бөлетініміз жайлы айтып бердік.

Ыдрысов мырзаны біз өз білім беру саясатымызды Елбасының «Жолдауындағы» білім саласындағы негізгі басымдықтармен сәйкес жүргізетініміз және 828 жоғары оқу орны – мүшелері, олардың 134-і АҚШ-нан тыс жерде орналасқан бизнес-мектеп және бағдарламалардың американдық Аккредитациялау Кеңесінде (ACBSP) халықаралық арнайы аккредитациядан өткеніміз жайлы жаңалық қуантты,

Біздің шетелдік серіктестеріміз - Дэниел Бэлласт және Доктор Маршалл Кристенсен ҚАЕУ-мен тығыз ынтымақтастық саясаты жайлы айтып берді. Қазіргі кезде 465 дарынды студенттер мен магистранттар шет елде оқу халықаралық Accels, Irex, Болашақ бағдарламалары гранттарының иегерлері атанып, 250-ден астам студенттер мен магистранттар әртүрлі американдық компанияларда өндірістік іс-тәжірибеден өтті. ЖОО-ның аса дарынды студенттері АҚШ пен Канада университеттерінде магистратура мен докторантурада оқуларын жалғастыру үшін университет гранттарын алды. ҚАЕУ 15 оқытушылары Американың үздік университеттеріне машықтанудан өтуге жіберілді. Енді олар ҚАЕУ ағылшын тілінде менеджмент,заңтану, компьютерлік технологиялар, ағылшын тілі секілді пәндерді АҚШ-нан шақырылған оқытушылармен қатар оқытады.

Ыдрысов мырза бізге өткізілген жұмыс үшін, әсіресе біздің американдық серіктестеріміздге Қазақстанда жоғары білімнің дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

- Университеттің жақын арадағы жоспарлары жайлы ойыңызбен бөліссеңіз.

Делегация КАСУ в посольстве РК в США

- Университеттің жоспарларын біз Президентіміздің алға қойған міндеттеріне сәйкес жүзеге асырамыз. Жақында Ғылыми Кеңес «ҚАЕУ дамуының 2011-2017жылдаға арналған стратегиялық жоспарын» бекітті. Біз экономикалық мамандықтар бойынша халықаралық арнайы аккредитациялаудан өттік, ендігі біздің міндетіміз - басқа да бағдарламалар бойынша, бірінші кезекте шет тілі,заңтану, психология бойынша осындай аккредитациялаудан өту. Оқу үдерісіне қашықтық білімдік технологияларды кеңінен енгізу,американдық бағдарламаны өзгерту жоспарланып отыр.Университетіміз заманауи өлшемдерге сай жоғары білім сапасына қол жеткізуге сенімді қадам жасауда.2010 жылғы рейтинг мәліметтері бойынша ҚАЕУ төрт жетекші мамандықтар бойынша елдің ұлттық университеттерімен қатар Қазақстанның 148 жоо арасында лайықты тоғызыншы алды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru