Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

2011 жыл түлектерінің ҚАЕУ өкілдерімен кездесуі

19 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университеті өкілдерінің №17,30,31 мектеп түлектерімен кездесуі болып өтті.

Іс-шара №17 орта мектепте өткізіліп, оған 120-ға жуық жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – түлектерге жоғары оқу орнын және болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу.  Бұл жауапты  қадам , өйткені дұрыс шешім қабылдаудан талапкердің болашағы байланысты болады.

Оқушыларға Қазақстан-Американдық еркін университеті жайлы фильм көрсетіліп, факультеттер мен мамандықтар туралы ақпараттық буклеттер таратылды.

ҚАЕУ оқу жұмысы және білім бағдарламалары жөніндегі вице-президенті Г.А.Конопьянова оқушыларды ЖОО-мен таныстырып, оқу орны жетістіктері, инновациялар мен келешегі жайлы айтып берді. ҚАЕУ колледжі мен университет қызметкерлері халықаралық қызмет бағдарламалары мен оқыту жүргізілетін мамандықтар жайлы ақпарат берді.

Түлектерді университетке оқуға түсу шарттары, оқу ақысы және де ҚАЕУ-не түсу үшін ағылшын тілін білу деңгейі жайлы сауалдар қызықтырды.

Оқушылар болашақта өз ЖОО таңдауға көмектесетін  барлық сауалдарға жауаптарын алды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru