Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-нің білімдегі тұрақты серіктестіктің және зайырлы қоғамның қалыптасуына қосқан үлесі

Оқу жылының басталуы қарсаңында Астанада «Отбасы, мектеп, қоғам – болашақ үшін» атты Республикалық педагогикалық форум болып өтті. Форум Қазақстанның жетекші педагогтарын, ата-аналар қауымын, бизнес, еліміздің зайырлы қоғам өкілдерін жинады.

ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов өз сөзінде Тәуелсіздіктің 20 жылындағы отандық білімнің негізгі жетістіктерін атап өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытына сәйкес бірегей білім беру жобалары жүзеге асуда.

  • «Болашақ»  бағдарламасына сәйкес 3 мың дарынды жас әлемнің үздік университеттерінде білім алды. Олардың ішінде – осы бағдарламаның стипендиаттары ҚАЕУ 10 студенттері мен түлектері бар, олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де (АҚШ, Ресей, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, Грекия, Австралия, ҚХР және т.б.) табысты еңбек етіп жүр.
  • Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Болон үдерісінің толық құқылы қатысушы болып, толығымен үшдеңгейлі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесіне көшті. ҚАЕУ Республикада алғашқылардың бірі болып халықаралық үлгілер бойынша тек бакалаврларды даярлауды ғана бастап қойған жоқ, сонымен бірге барлық сатылар: лицей – колледж – бакалавриат – магистратура - Ph.D. докторантурасы бойынша үздіксіз оқу жүйесін жүзеге асырды. Қоғамның қажеттілігіне сәйкес және қазіргі жағдайды есепке ала отырып, Қазақстанда жан-жақты үштілділік ұстанымы енгізілуде. ҚАЕУ, тіл иелері – шетелдік серіктестердің қатысуымен бірінші болып мамандарды ағылшын тілінде даярлауды бастады.
  • Қазақстанның жоғары мектебінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі толық көлемде іске асуда. Әлемдік үздік үлгілерге сәйкестікке қол жеткізу,  ЖОО-ның академиялық еркіндігін, Болон үдерісі шеңберінде студенттердің академиялық жинақылығын кеңейтуді, студенттерді шетелдерде оқытуды, қазақстандық ЖОО-да шетелдік студенттерді оқытуға жұмылдыруды, ЖОО арасында келісімшарттар жасау және олардың одан әрі ынтымақтастығын, шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді жұмылдыруды, білім беру ұйымдарының институционалдық және арнайы аккредитациядан өтуін қамтамасыз етеді. Республикада алғашқылардың бірі болып ҚАЕУ бакалавриат, магистратура және Ph.D. докторантурасы бағдарламаларының барлық экономикалық мамандықтары бойынша ACBSP (АҚШ) ұйымында халықаралық арнайы аккредитациядан  табысты өтті.
  • Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесі мен ЖОО-да корпоративтік басқару ұстанымдарын енгізу қалыптасуда, білім сапасына бақылау механизмі жетілдірілуде. Сөйтіп, ЖОО жұмысы қауымның, жұмыс берушілердің, азаматтардың үмітін есепке алып, еңбек нарығы қажеттілігіне сәйкес жүргізіледі. ҚАЕУ-де осы мақсатта  білім беру қызметін тұтынушылардың қанағаттануының, жұмыс берушілердің үмітінің, жетекші мамандықтары түлектерінің талап етілуінің дәрежесі деңгейін анықтауға арналған институционалдық зерттеу Орталығы құрылды. Білімнің одан әрі дамуының аталған басымдық  бағыттарының көпшілігі бойынша ҚАЕУ ең алдында және тіпті көш ілгері келеді. Оны Қазақстан-2011 ЖОО бас рейтингісінің мәліметтері айғақтайды. Мұнда  халықаралық серіктестік университеті Қазақстанның 134 ЖОО арасында елдің ұлттық университеттерімен қатар құрметті тоғызыншы орынды иеленді.

Форум  делегаты,

ҚАЕУ Президенті,

ҚР ҰҒА академигі

Е.Ә.Мәмбетқазиев

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru