Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

13-шығарылым, жолдарың болсын!

13-ый выпуск, в добрый путь!

2011 жылдың 24 маусымында Қазақстан-Американдық еркін университеті менеджмент, экономика, қаржы, туризм, ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша қазақстандық және американдық бағдарламалары бакалаврларының 13 шығарылымын жасады. 80 түлектің 27-сі үздік дипломды иеленді. Олардың барлығы тек мамандықтарын ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілін және компьютерлік технологияларды еркін меңгерген, оның дәлелі осы пәндерді терең оқып-үйренгендері жайлы 2 сертификат алуы. ҚАЕУ дипломдарының биыл ерекше ACBSP белгісі бар, ол ҚАЕУ экономикалық мамандықтарының бизнес-мектеп және бағдарламалардың американдық Аккредитациялау Кеңесінде халықаралық аккредитациядан өткендігін растайды.

13-ый выпуск, в добрый путь!

Дипломдарды тапсыру рәсімінде түлектерге деген тілекпен оқу жұмысы және білім бағдарламалары жөніндегі вице-президент, э.ғ.к.. Г.А. Конопьянова сөз сөйледі. Ол ҚАЕУ әр шығарылымы ерекше екендігін атап өтті. Биыл алғаш рет «Туризм» мамандығының түлектері диплом алуда. Галина Ахбайқызы түлектерді құттықтап, университетпен қоштасуға асықпай, ҚАЕУ магистратурасында ғылыми дәреже алу жайлы ойлануға кеңес берді. Биыл «Бизнес-әкімшілік ету» факультеті магистратураның «Менеджмент» және «Қаржы» сияқты екі мамандығын ашты.

Дипломдар тапсырылған соң ескі жақсы дәстүр бойынша түлектер, «Жол болсын» деп өз бас киіміндеріндегі шашақты екінші жағына қарай ауыстырды. Енді олар дипломданған мамандар.

13-ый выпуск, в добрый путь! 13-ый выпуск, в добрый путь!
Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru