Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

9-11 сынып оқушылары арасында экономикадан өңірлік олимпиада

2017 жылдың 22 ақпанында Қазақстан – Американдық еркін университетінде «Бизнес» кафедрасы, «EXPO-2017» техникалық және технологиялық жетістіктер халықаралық көрмесіне орайластырылған, 9-11 сынып оқушылары арасында экономикадан өңірлік олимпиада өткізді.

Олимпиадаға қатысуға 26 білім беру мекемелері ниет білдірді.

Экономикадан мектеп оқушыларының өңірлік  олимпиадасы екі кезеңде өткізілді:  күндізгі және сырттай. Олимпиаданың жұмыс тілдері –қазақ,орыс және ағылшын.

Олимпиаданың бірінші кезеңі (сырттай) бизнес-жобалар жазуға арналды, оның мақсаты өңірдің мектеп оқушыларының экономикалық және кәсіпкерлік салаларында   инновациялық әлеуеттерін  дамыту болды. Бизнес-жобалардың тақырыпнамасы:

1. Жасыл экономика

2. Инновациялық жарып өту

3. Басымдық - АГРО

4. Болашақ энергиясы

5. Әлеуметтік кәсіпкерлік

6. Үздік туристік өнім

Жіберілген жұмыстарды қазылар алқасы келесі өлшемдер бойынша бағалады: жоба идеясын сипаттау; жобаның мақсаты мен міндеттері; өндіруге жоспарланған өнімнің сипаттамасы; маркетингтік жоспар; жоба түйіндемесі (жоспарланған нәтиже). Аталмыш байқау бойынша ең жоғары баға 30 балл. Қорытынды баллдар сомасы бойынша қазылар алқасы хаттамасына сәйкес «Үздік бизнес-жоба» аталымының жеңімпаздары анықталды:

1 орын – «№ 24 орта мектеп» ҚММ - 23 балл.

2 орын – «№ 9 орта мектеп» ҚММ - 20 балл.

3 орын - «Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі» - 19 балл.

Олимпиаданың екінші күндізгі кезеңі үш байқаудан тұрды.

Бірінші байқау - команда тұсаукесері.

Екінші байқау  - блиц-байқау «Өз ойыны».

Үшінші байқау - экономикалық тақырыпқа  музыкалық нөмір (ән, сахналау, КТК).

 «Үздік музыкалық нөмір» аталымында, өз  креативтігімен және  сазды-театрлық қабілеттерімен қазылар алқасы мен көрермендердің назарын билеп алған, Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі командасы жеңімпаз атанды.

Барлық байқаулар өткізу қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдап, орындарды келесідей бөлді:

Бірінші орын–«№ 9 орта мектеп» ҚММ, ол барлық байқаулар бойынша ең көп балл жинады–сомасында 61 балл.

Екінші орын–«№ 24 орта мектеп» ҚММ - 56 балл.

Үшінші орын – мемлекеттік тілдегі «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» Риддер қаласы  – 52 балл.

Олимпиаданың барлық қатысушылары мадақтамалар, алғыс хаттары, ынталандыру жүлделерімен марапатталып, ал жеңімпаздар оқуға жеңілдіктер алды.

Іс-шара айтарлықтай жоғары деңгейде өтті, мектеп оқушылары экономика ғылымдары саласында үздік білімдерін көрсетіп, ғылыми жобаларын тамаша қорғап, үй тапсырмасына даярлыққа шығармашылықпен қарап, өз креативтіктері мен ептіліктерін көрсетті, сөйтіп өз оқу орындарын лайықты түрде көрсете алды.

«Бизнес» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru