Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ресейлік серіктес-ЖОО оқытушысының ҚАЕУ-ге сапары

Қазақстан-Американдық еркін университеті  және Тұтыну кооперциясы Сібір университеті (Новосібір қаласы, Ресей)  арасындағы  ынтымақтастық туралы шарттың  аясында, 2017 жылдың 18- 22 ақпаны аралығында ҚАЕУ-де  ТКСібУ шетел тілі  кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент  Чирейкина Ольга Юрьевна сапармен болды. Қысқа жұмыс сапары әртүрлі іс-шаралар мен кездесулерге толы болды. Чирейкина О.Ю. 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі», 5В020700 «Аударма ісі»:  «Екінші шетел тілі (испан)», «Оқылатын тіл теориясының негіздері», «Арнайы мақсаттарға арналған тіл» мамандықтарында оқитын және де 5В020200 «Халықаралық қатынастар» - «Халықаралық жанжалдар және оларды үйлестіру» (ағылшын тілінде) мамандықтарында оқитын студенттердің  бірқатар сабақтарына қатысты. Оған қоса, Чирейкина О.Ю. ҚАЕУ студенттері үшін сабақтар жүргізді. 24 ақпанда  «Шетел тілі сабақтарында жобалық әдістемені қолдану» тақырыбына 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенттері үшін қонақтық дәріс өткізілді. Дәріс оқушы «жоба» ұғымына анықтама беріп,  жобаға жұмысдың кезеңдері, жобаларды бағалау өлшемдері жайлы айтып берді. Дәріс соңында  Чирейкина О.Ю. студенттердің сауалдарына жауап берді.

Сол күні Ольга Юрьевна 5В030100 «Заңтану» мамандығының студенттеріне латын тілінен сабақ жүргізді. Көптеген тілдер үшін заң терминдерінің қалыптасуының қайнар көзі рим құқығы болды. Көптеген римдік заң терминдері, олардың орфографиялық құрылымы іс жүзінде өзгермей-ақ, заманауи заңнамалық жүйелер игілігіне айналып, біздің күндерге дейін жетті. Студенттер және оқытушы осы терминдердің ең кеңірек қолданылатындарын талқылады.

Сапар аясында ол ҚАЕУ шетел тілдері  кафедрасының ОПҚ және  ҚАЕУ мәнсап және тұлға даму Орталығының менеджері Смағұловамен Г. кездесті. Университетке сапарының соңында Чирейкина О.Ю. ҚАЕУ мұражайында болды.

«Шетел тілдері» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru