Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына қонақтық дәріс

2017 жылдың 24 ақпанында «Бизнес» кафедрасынының Ғылым мен шығармашылық апталығы аясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына қонақтық дәріс өткізілді.    

Дәрісті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы - Нұртаева Альмира Қабидолдақызы өткізді. Дәріс оқу барысында Альмира Қабидолдақызы студенттерді, алдағы жылдарға мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиясымен таныстырды. Сонымен қатар ол, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы бейнероликті көрсетіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметі жайлы баяндап берді.

Қонақтық дәрістің қорытындыларын шығара отырып, әрбір азамат кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеті және заңнаманы бұзу әрекетінің бетін қайтару тиіс деп атап өтуге болады. Тек мемлекет пен қоғам бірлесе отырып, бұл әлеуметтік кесірді жоя алады.  

Соңында Альмира Қабидолдақызы студенттердің көптеген сауалдарына жауап қайтарды.

«Бизнес» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru