Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Өскемен қаласы колледждері студенттерінің арасында бағдарламалаудан I қалалық олимпиада

2017 жылдың 24-25 ақпаны аралығында, «Бизнес» кафедрасының Ғылым мен шығармашылық апталығы аясында, 5В070300 «Ақпараттандыру жүйесі» мамандығы бойынша Өскемен қаласы колледждері студенттерінің арасында бағдарламалауданI қалалық олимпиадаөткізілді.

 Олимпиадағақаланың келесі колледждері қатысты:

1. Қазақстан-Корей «КВАНСОН» колледжі.

2. Өскемен экономика және қаржы колледжі.

3. ҚАЕУ колледжі.

4. Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж.

5. Шығыс Қазақстан техника-экономикалық колледжі.

Олимпиада өткізу мақсаты – бағдарламалауда тәжірибелік дағдыларды тексеру, сонымен қатар қойылған міндеттерді шешуде шығармашылық тұрғыдан қарауды дамыту.

 Олимпиадаға әр колледжден  3 студенттен қатысты. Студенттерге бағдарламалаудан әртүрлі күрделіктегі 5 тапсырма ұсынылды. 1 тапсырма оңай санатынан (1 балл), 3 тапсырма орташа күрделі (2 балл) және 1тапсырма күрделі санатынан (3 балл).  Аталмыш тапсырмаларды шешуге студенттерге тура 2 сағат бөлінді. Бағдарламалау тіліне шек қойылған жоқ,  студенттер бағдарламалаудың қай тілін қолданатындарын өздері таңдады. Интернетті пайдалануға тыйым салынды.

Бағдарламалаудан колледждер студенттері арасындағы I қалалық олимпиада  қорытындылары бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:

3 орынды Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжстудентіЕпанченко Роман Александрович иеленді.

рынға Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжстуденті Колесникова Ксения Юрьевна ие болды.

1 орынды Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенті Троценко Евгений Романович жеңіп алды.

Олимпиада қорытындылары бойынша жүлделі орын иеленген студенттер мадақтамалар және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды, сонымен бірге оларға  ҚАЕУ «Бизнес» кафедрасының мамандықтары бойынша оқуға жеңілдіктерге  сертификаттар табыс етілді. Бағдарламалаудан бірінші қалалық олимпиадаға  студенттерді даярлаған оқытушылар да назардан тыс қалған жоқ – оларға алғыс хаттары тапсырылды.

 «Бизнес» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru