Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«ЕХРО-2017» – Қазақстанның болашақ энергиясы» студенттік іс-шарасы

2017 жылдың 24 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Бизнес» кафедрасының Ғылым мен шығармашылық апталығы аясында, кафедраның аға оқытушысы ТұрсынбекұлыНұрланның жетекшілігімен ««ЕХРО2017» – Қазақстанның болашақ энергиясы» атты студенттік іс-шара болып өтті. Аталмыш іс-шараны 5В050900 «Қаржы» мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырды.

Іс-шараға  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ«Экономика және құқық» факультеті, «Экономика және басқару» кафедрасының доценті, э.ғ.к., – Қойшинова Ғайни Қасымқызы және   Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхананың Американдық бұрышының қызметкерлері ТлеухановаАйгерімҚуандыққызы мен  Сұлтанова ӘселБейсенқызы шақырылды.  Ғайни Қасымқызы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің өткізілуі  – Қазақстанның басты ұлттық жобаларының бірі деп атап көрсетті. Көрмені өткізу, ол өтіп жатқан қалаға да, елге де оң ықпал етеді. Мұнда инвестицияларды жұмылдыру арта түседі, құрылыс пен         индустрия дамиды, әр елден келетін туристер үшін қызғылықты, жаңа бірегей нысандар пайда болады. Әсел Бейсенқызы мен  Айгерім Қуандыққызы Экспо-2017 қарсаңында Американдық бұрыштың қызметі,  MakerSpace («Өзің жаса») мәдениетінің идеялары мен бағыттары жайлы айтып, Бұрыштың шығармашылық алаңының ресурстары мен мүмкіндіктерін ұсынып, 3D-қаламдарымен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетіп берді. Студенттер 3D-қаламдарының көмегімен Экспо-қалашығының макетін даярлады.

Аталмыш іс-шараның соңында студенттер мен шақырылған қонақтар өздерін толғандырған мәселелерді қызу талқылап, «ЕХРО-2017» – Қазақстанның болашақ энергиясы»  макеттері және материалдарын жақынырақ көру және суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

 «Бизнес» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru