Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

“АБАЙ ОҚУЛАРЫ” МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ

 IMG 7273

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр, - деп ұлы ақынды әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтің дәуіріне де, 21 ғасырға да сол үн мен тыныс әлі дем беріп тұр. Абай қаламынан туған өлеңдер ғасыр мен дәуір өткен сайын өзектілігін жоғалпай ғана қоймай, сол ғасыр мен дәуірдің мазмұны мен сырын жаңа ашып танытқандай болады. Ғұламамыздың қуаты сол – өз заманынан әлдеқайда озып ойлап, озып жырлауында.

Міне, осы сарқылмас мұраны бүгінгі “Абай оқулары” мәнерлеп оқу сайысына да арқау етіп,01.03.2017 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шара «Педагогика және психология» кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының «Ғылыми шығармашылық апталығының» шеңберінде ұйымдастырылды. Байқау  келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу байқауы (Абайдың қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдері).
  2. «Абай өлеңдеріне әндер» байқауы (қазақ  және орыс тілдерінде).

Өткізілген шараның мақсаты –Абайдың тау сілеміндей мол мұрасын жаңғырта отырып,  өлмес ғибратының өміршеңдігін насихаттау.

Мәнерлеп оқу сайысының нәтижесі төмендегідей болды:

Бағыт

Орын

Қатысушы

Мектеп

Қазақ тілінде оқылған Абай өлеңдері

I

Ғабдуллаева Дильназ

«Прапорщикова орта мектебі» КММ

Азат Кәусар

«Верх – Березовка орта мектебі» КММ

Сембаева Гүлмарал Тоқтағазықызы

«Сары-Арқа жалпы білі беретін орта мектеп» КММ

II

РаисоваАйгерим

«№1 Предгорный орта мектебі» КММ

Ниязбекова Томирис

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ

Қыдырбек Бексұлтан

«Верх – Березовка орта мектебі» КММ

III

Макариева Жұлдыз

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ

Орыс тілінде

оқылған Абай өлеңдері

I

Муртазина Анастасия

«Ахмер орта мектебі» КММ

II

Русланова Вера

«№24 орта мектеп» КММ

III

Яцола Александр

«Бриг»жекеменшік бизнес мектебі» КММ

Абай әндері бойынша

I

Абилова Айым

«№16 орта мектеп» КММ

ТрухинаАнастасия

«№ 38 Гимназия»   КММ

Исаева Анастаси

«№30 орта мектебі» КММ

II

Егорова Полина

«№ 36 орта мектебі» КММ

Қайырғазы Тоғжан

ШҚО, Аягөз қаласы «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

III

Коробейникова Василина

Өскемен қаласы әкімдігінің «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Рахимбекова Милара

«№ 26 орта мектебі» КММ

Біржан Әмір

ШҚО  Аягоз ауданы Мамырсу ауылы, «С.Ғаббасов атындағы жалпыбілімберетін орта мектеп» КММ

Талғатбекова Ислана

«№7 орта мектебі» КММ

«Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысына өңіріміздің Аягөз, Ұлан, Глубокое және Өскемен қаласы мен қаланың шет аудандарынан барлық саны 71 оқушы қатысты. 

Кафедра «Педагогики и психологии»

Заголовок слайда 1

Ваш текст...

Заголовок слайда 2

Ваш текст...

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru