Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Айырбастау бағдарламалары түлектеріне арналған

2017 жылдың 28 ақпаны мен 1 наурызы аралығында А.С.Пушкин атындағы Облыстық кітапханада АҚШ Мемлекеттік Департаменті айырбастау бағдарламалары түлектеріне арналған «Жобаны әзірлеу және өтінім жазу» тренингі болып өтті. Тренингтің алғашқы күні қатысушылар Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің ағымдағы гранттық бағдарламалары жайлы ақпарат алып, мүмкін болатын жобалар идеяларын, өтінім пішімі мен оның құрылымын талқылады. Шағын топтардағы жұмыс кезінде қатысушылар жобалардың сипаттамаларын құрастырып және оларды өткізу мақсатын тұжырымдады.Тренингтің екінші күні бюджет пен  қаржылық есеп беруді құрастыруға арналды.

Тренингке 28 адам қатысты.  Сонымен қатар  тренингке Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің түлектерге арналған бағдарламаларының үйлестірушісі  Тоқтарова Жанна қатысты. Қазақстан-Американдық еркін университеті атынан, «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Новицкая Юлия Васильевна (2005 жылғы MUSKIE  бағдарламасының түлегі) және «Халықаралық қатынастар» мамандығының3 курс студенттері Жомартова Айгерим мен Ларионова Юлия (2015  және 2016 SUSI бағдарламасының түлектері) қатысты.

«Шетел тілдері» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru