Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ауыспалы іскерлік ойыны

2017 жылдың 1  наурызында «Педагогика және психология»  кафедрасының Ғылым мен шығармашылық апталығы аясында, «Ауыспалы іскерлік ойыны» тәсілі негізінде «Болашақ психологтардың кәсіби біліктіліктерінің дамуы» тақырыбына шеберлік сыныбы өтті. Спикер - С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Психология және түзету педагогикасы» кафедрасының  доценті, психол.ғ.к.., Дергачева Евгения Владимировна

Ауыспалы іскерлік ойыны – тренингке қатысушылардың нұсқамаларын ауыстыруға, кәсіби қызметте тиімді жұмыстың нақтылы міндеттерін әзірлеуге бағытталған, олардың белсенді жұмысын ұйымдастыру тәсілі.

Негізге теңеу– бұған басты кейіпкерлер қатынастарының негізі мәселелері және  психологтың кәсіби қызметіндегі шынайы проблемалар кіретін, «Піл және Моська» мысалы алынды.

Аталмыш тәсіл көмегімен болашақ психологтардың кәсіби біліктіліктерін дамыту, оқу үдерісінде біліктілік талаптарына сәйкес түлектерді даярлауға көмектеседі. Өткізілген ойын негізінде аспаптық, арнайы-кеңесшілік, тұлғалық-жіктеулік және әлеуметтік- психологиялық біліктіліктің даму деңгейі анықталады.

Аталмыш ойын қатысушылардың басты назарын кедергілер мен күрделіліктерді көруден, мүмкіндіктер мен әрекеттің дайын алгоритмдерін көруге ауыстыруға бағытталған. Ойын үдерісі қатысушыларға өз проблемалық мәселелерін шешуге және өзі үшін мазмұнды өнім алуға мүмкіндік береді. Топ болып  жұмыс жасағанда, бұл тәсіл топтық серпінге және топтың әр мүшесінің белсенділігіне ықпал етеді.      

«Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru