Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«ЖерСу»: бірегей тәжірибе мен озық технологиялар

2017 жылдың 28  ақпанында ҚАЕУ ғалымдарының бір тобы - Ерсайын Нәбиев, Раушан Мәмбетқазиева, Құралай Сакарьянова «Жер Су» (www.zher-su.ucoz.com) жылу кешенінде болып, оның жұмысымен танысты. Кешен облысымыздың  Ұлан ауданының Украинка ауылында орналасқан және сонда жұмыс істейді.

Кешен жетекшісі Людмила Земляная міне 2007  жылдан бері туннельдік үлгідегі жылыжай жағдайында өсімдіктер өсіру бойынша жұмыс жүргізеді. Осы кезеңде қол жеткізілген нәтижелер үлкен әсер етеді. Мұнда            цитрустықтардың мол әртүрлі сұрыптары бар: «Киевский 1, 2» лимондарының, миртаның, анардың, інжірдің, муррайяның… Бөлмеде өсетін және бау-бақша өсімдіктерінің, көкөніс, гүл дақылдары көшеттерінің   бай    сұрыпталымы.

Мұнда жаңа піскен көкөніс, хош иісті шөптер, жалпақ қияқты пияз, қияр, лимон жемістері сатылады. Өсімдіктерді таңдау және гүлзарларды, альпілік дөңестерді, кіру топтарын, террасаларды, балкон жәшіктерін, вазондарды безендіру жөніндегі қызметтер көрсетіледі.

Людмила Земляная өсімдіктер отырғызу үшін су резервуары қызметін атқаратын полимерлік материалдарды қолданумен өсімдіктер өсіру жөніндегі жобаға үлкен  қызығушылық көрсетті.  Жобаны ҚАЕУ ғылыми орталығының басшысы Р.А. Мәмбетқазиева жасағаны белгілі.    

Кеездесу барысында жылыжай кешені базасында бірлескен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу жайлы шешім қабылданды.

ҚАЕУ  ғылыми-зерттеу бөлімі 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru