Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша Департаментінің директоры Камаловтың Б.К. ҚАЕУ ұжымымен кездесуі

IMG 7400

2017 жылдың 3 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттер және профессор-оқытушылар құрамының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша Департаментінің директоры Камалов Бахтияр Камалұлымен кездесуі болып өтті.

Кездесу халықтың әр топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Ұлт Жоспары: бес реформаларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 5 басымдығын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Камалов Б.К. дәрісі барысында сыбайлас жемқорлық жайлы әлеуметтік құбылыс ретіндегі  мәселені жетік деңгейде қарастырып, оның тарихи қырын қозғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын түсіндірді.

Сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың назарына кездесу тақырыбы бойынша бейнеролик ұсынылды.

Іс-шараның соңында тыңдаушылар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нормативтік-құқықтық реттеуге қатысты, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі Сингапурдың тәжірибесіне қатысты спикердің пікірі жайлы көптеген сауалдар қойып, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көрініс табуы бойынша нақтылы ахуалдар талқыланды.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru