Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

"Педагогика және психология" кафедрасының Ғылым мен шығармашылық апталығының қорытындылары

"Педагогика және  психология" кафедрасының Ғылым мен шығармашылық апталығының іс-шаралары: «Не, қайда, қашан?» зияткерлік ойыны,  «Ой мен ойын» байқауы,  «Транзактілік талдау» шеберлік сабағы  және «Дене-бағдарланған терапиясы»,  «Талапты да, таланты» байқауы,  « Көркем шығармаларға сын-пікір ерекшеліктері» семинары,  «Мамандықтағы менің бейімділігім» арт-бейнесі, «Дене шынықтыру мен спорт» мамандығы студенттері арасында таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі бойынша  олимпиада аяқталды...

Осы және басқа да тартымды іс-шаралар кафедра мамандықтары   студенттерін ғана емес, сонымен бірге  университеттің барлық   студенттерін де қамтыды. ЖОО ішіндегі іс –шаралар – мемлекеттік тілде оқитын 1 курс студенттері арасында орыс тілінен олимпиада, мемлекеттік тілде оқитын 2 курс студенттері үшін "Менің мамандығым" байқау эссе, волейболдан ҚАЕУ Президенті Кубогына жарыс өткізілді.

Сонымен қатар мәтінді мәнерлеп оқушылардың «Абай оқулары»  өңірлік байқауы өткізіліп, оған ШҚО мен Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары қатысты.

Жеңімпаздардың барлығы мадақтамалар және естелік сыйлықтармен атап өтіліп, ал қатысушыларға шығармашылық табыстар тіленді. 

"Педагогика және психология" кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru