Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Басқарма өкілдерінің ҚАЕУ студенттерімен кездесуі

2017 жылдың 4 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университеті және ШҚО ІІД арасындағы ұзақ мерзімді және көп жақты ынтымақтастық аясында, студенттерді есірткі және психотроптық заттардың залалды әсері туралы хабардар ету мақсатында, ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Басқарма қызметкерлерінің ҚАЕУ студенттерімен кездесуі ұйымдастырылды.

ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Басқарма бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Рамазанов Асхат Төлегенұлы және ШҚО ІІД КЖБ ПБ жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Күлібаев Азамат Ахметжанұлы тартымды және түсінікті түрде студенттерге есірткі және психотроптық заттарды пайдаланудың зияндылығы және бұл тәртіп бұзушылықты заң жүзінде реттеу жайлы баяндап берді.

Кездесу бағдарламасына, сонымен бірге есірткенің залалды әсері жайлы бейне сюжетті көру, әсіресе жастар арасында осы өткір әлеуметтік мәселені талдау және де студенттердің сауалдарына жауап беру кірді.

Студенттік даму Орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru