Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Орыс тілінен халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары

Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы орыс тілін ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы негізгі ақпарат көзі, жақын және алыс шетелдермен байланыс құралы ретінде анықтайды.

 «2015-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында үштілді білімді дамытудың Жол картасын» жүзеге асыруда, университетімізде үштұғырлы тіл идеясын дамыту жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізілуде, солардың ішінде – халықаралық тіл олимпиадаларына қатысу. Орыс тілінен «Эрудит»  Ғылыми-білім орталығы (Саратов, РФ), 2017 жылдың наурыз айында өткізген халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары, «Қаржы» мамандығының (мемлекеттік тілде оқитын) 1 курс студенттері Аубакирова Дания – 1орынды және Серiкжанов Саят та – 1 орынды иеленді.

Көпмәдениеттілік пен көптілділік, коммуникативтік және ақпараттық біліктіліктермен бірге, бүгінде әлемдік білім кеңістігінде білімнің базалық біліктілігі ретінде анықталады, сонымен қатар білікті маман қалыптасуының маңызды бағыттарының бірін құрайды.

Құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

Педагогика және психология кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru