Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ студенттері Мәскеу қаласындағы (Ресей) Халықаралық ғылыми байқауға қатысты

2017 жылдың 16-17  наурызы аралығында Мәскеу қаласында  жас бухгалтерлердің, талдаушылар мен аудиторлардың Халықаралық ғылыми байқауының 2 кезеңі өтті, ол РФ Қаржы министрлігінің, «Прайсвотерхаускуперс Аудит» АҚ, «КПМГ» АҚ, «Эрнст энд Янг» ЖШҚ , «Консультант Плюс» АҚ қолдауымен "Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті " ЖБ  ФМББМ базасында өткізілді.

Байқауға әлемнің әр елінен  350-ден астам студент қатысты, алайда екінші–күндізгі- кезеңіне тек 120 адам өтті, соның ішінде біздің университетіміздің студенттері: «Бизнес»  кафедрасының аға оқытушысы Трофимованың Ю.В ғылыми жетекшілігімен Лабуков Иван (5В050700 – Менеджмент мамандығының  2 курсы, американдық бағдарлама) және Бочарова Алина(5В050900 –Қаржы мамандығының 2 курсы).

Байқаудың негізгі мақсаты студенттердің шығармашылық бастамашылығы мен кәсіби білімдерін дамыту, бухгалтерлік есеп, талдау мен аудит саласындағы жоғары білім деңгейі, экономикалық бағыттағы дарынды және келешегі бар студенттерді анықтау; мақсатты, әрі дарынды жастарды ынталандыру, оларды жұмыспен қамтуға қолдау жасау.  

2017 жылдың 16  наурызында байқау тапсырмаларын шешу, ал 2017 жылдың 17 наурызында - АССА байқауы серіктесінің қатысуымен іскерлік ойын болды, мұнда біздің студенттер үздік нәтижелер көрсетті. ҚАЕУ Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы  Университетінің «ЖОО студенттерінің байқаудағы жоғары жетістіктері үшін» Дипломымен марапатталды.  

– «Біз байқауға қатысуға бел байладық, өйткені өз білімімізді тексергіміз келді, –дейді Иван мен Алина. – Тапсырмалар айтарлықтай күрделі, бірақ қызықты болды. Білімдік бөлімнен соң, біздер, қатысушыларды, театр мен кино актері Дмитрий Певцовпен  шығармашылық кеш күтіп тұрды. Енді бізге, келесі жылы да осы байқауда өз күшімізді тағы да сынап көру үшін,  бұрынғыдан да үздік оқуға ынталану бар».

Байқауға қатысушылардың ғылыми жетекшілері достық кездесуде оқу үдерісін жүргізу, оқу-әдістемелік қамту,  бухгалтерлік есеп, талдау мен аудит саласында ғылыми жұмысқа қатысу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.

«Бизнес» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru