Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Оқытушылардың ағылшын тілі білімін тестілеу

2017 жылдың 24 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университеті базасында Шығыс Қазақстан облысы ағылшын тілі мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға кезекті тестілеу өтті.  

Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің үш тілде оқытуды енгізу үшін педагогикалық кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөніндегі бағдарламасы аясында өткізілді.

Тестілеуді «ProfessionalDevelopmentCentre»  Көшбасшы Компания тұлғасында қатысушылар Консорциумы он-лайн режимінде жүргізді.

Мұғалімдермен қатар тестілеуден, жоғары нәтижелер көрсетіп (CEFR тілдік біліктіліктің жалпы еуропалық шкаласы бойынша В2 – С2 деңгейінде), Қазақстан-Американдық еркін университетінің, ҚАЕУ колледжі мен ӨК ЭҚК-нің ағылшын тілінің оқытушылары, тілдік емес пәндерден ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушылары да өтті.

 

Жұртшылықпен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru